• Дата публикации: 04/12/2019 - 09:43
    Мазмұны:

    Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға үйреніп, қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады.

    Табиғи газды тұрмыста пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін Тұрмыста газды пайдалану ережелері талаптарын қатаң сақтау қажет. Аталған Ережелермен тұтынушыларды газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелеріне қосу барысында таныстырады.

    Тұтынушылар газ құрылғыларының, жылыту пештері мұржаларының қалыпты жұмыс істеуін қадағалап отыруға тиіс, ал пайдалану аяқталғаннан кейін газ құрылғысының крандарын жауып қою қажет.

    Қысқы-көктемгі кезеңде сыртқы ауа температурасы мен жел жылдамдығының күрт өзгеруінен мұржалардың жиектеріне мұз қатып, ішіне басқа заттар түсуі мүмкін. Сол себептен түтіннің тартуы нашарлап немесе кері шығуы мүмкін. Түнгі уақытта жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендегенде мұржаның қызбауы себебінен су буы кристаллданып, мұржаның ішіне мұз қатып, түтіннің шығуына кедергі болады.

    Бұндай кезде толық жанбаған табиғи газ (улы газ) бөлмеге таралады. Сондықтан жылыту құрылғыларын жақпастан бұрын терезелерді ашып, бөлмені, от жағар орынды және мұржаны желдетіп алу қажет.

    Газ құрылғыларын жақпастан бұрын және жанып тұрған кезде міндетті түрде мұржадан түтіннің тартуын тексеріп отыру қажет.

    Тексерудің қиындығы жоқ. От жағар орынға жіңішке тегіс қағаз қиындысын жақындатыңыз. Егер қағаз қиындысы от бағытына қарай тартылса түтіннің тартуы қалыпы, ал егер тартылу байқалмаса түтіннің тартпай тұрғанын білдіреді. Егер пеш қалыпты (қалануы бұзылмаған, сылағы жарылмаған) болса алдымен тұтандырғышты жағып, тек содан кейін ғана негізгі жандырғыштың кранын ашып, жағыңыз.

    Өкінішке орай кейбір тұтынушылар қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарап, нәтижесінде өздері немесе туысқандары қайғыға ұшырап жатады.

    Тұрмыста газды пайдалану ережелерінің кейбір тармақтарын естеріңізге саламыз:

    - газ құрылғыларын өздігіңізден газ жүйесіне қосуға немесе жөндеуге, олардың орынын өзгертуге, пештердің сылағы жарылған кезде және мұржаларда түтін тартпай тұрған кезде газды пайдалануға тийым салынады;

    - жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға, әсіресе түнгі уақытта, болмайды. Салдарынан өрттер мен газ аралас ауаның жарылыстары болуы мүмкін;

    - мұржаны күйден және бөтен заттардан мезгілімен тазалап, оның бүтіндігін тексеріп отыру қажет;

    - бөлмеде газдың иісін сезсеңіз, есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені желдету қажет, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз және «104» телефон номерімен шұғыл түрде авариялық газ қызметін шақырыңыз.

    ҚР ҚН-ға және ҚР ҚНЕ-ге сәйкес газ падаланылатын орынжайларды табиғи және иісті газдың қауіпті концентрациялары артып кеткен жағдайда газ беруді автоматты түрде тоқтататын сигнал құрылғысымен міндетті түрде жабдықтау талап етіледі.

    Жүргізілген тексерістердің талдауы газды тұрмыста пайдаланумен байланысты қайғылы жағдайлардың көпшілігі пештердің ақауынан, мұржаларда түтіннің тартпауынан және жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыру себебінен болатынын көрсетіп отыр.

    Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне иелері жауапты екенін есте сақтау қажет.

  • Дата публикации: 03/12/2019 - 10:10
    Мазмұны:

    Құрметті жерлестер!

    Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні құтты болсын!

  • Дата публикации: 28/10/2019 - 16:07
    Мазмұны:

    ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынады.

    Сәйкесінше, барлық мемлекеттік органдар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, елшіліктер мен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар, квазимемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер, екінші деңгейлі банктер, микрокредиттік ұйымдар және басқа да мекемелер - ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етпеуге тиіс.

    Талап етілген жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 8 (7242) 70-56-36 телефоны бойынша хабарласуға болады.

  • Дата публикации: 25/10/2019 - 15:52
    Мазмұны:

    Құрметті  газ тұтынушылар!

    Жылыту маусымыда келіп жетті. Күнделікті тәжірибеге сүйене карасақ адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады.

    Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Өйткені газды пайдалану ережелерін дұрыс сақтамау адам өміріне өте қауіпті. Еліміздің әр аймағында да тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан әртүрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығын, атап айтсақ, улану, газды ауа қоспасының атылуынан өртену және оның соңы кісі өлімімен аяқталып жатқандығын күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз.

    Осыған орай, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы апаттық жағдайлардың алдын-алу мақсатында үйіміздегі газ қондырғыларын дұрыс пайдалу-қауіпсіздіктің ең басты кепілі екендігін ескерте келе төмендегідей қатаң тыйым салынған қауіпсіздік талаптарын тұтынушылардың есіне салады:

    - Пештің жарамдылығын және мұржаның тартуын үнемі бақылау қажет, сондай-ақ кірпіштен соғылған және құрастырылған мұржаларды, желдеткіш каналдарына тазарту жұмыстарын жүргізу қажет;

    - Газ қондырғыларын, құбырларын өз бетінше ауыстыру, жөндеу және тағы басқа жұмыстарды жүргізуге, болмайды;

    - Егер де газдың иісі байқалған жағдайда шұғыл түрде газ ысырма крандарын жауып, үйдің ішін желдету, ашық отты пайдаланбай 104 байланыс нөміріне шұғыл хабарласу қажет;

    - Қауіпсіздік және реттеуші автоматикасының болмауы және жарақсыздығы, түтіндікте тартымның болмағанда газды қолдануға;

    - Булықтарды жабуға, түтіндіктерді тазартуға арналаған калталар мен люктерді бітеуге;

    - Газ қондырғысы орнатылған бөлмелерде уйықтап демалуға;

    - Газ плитасын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;

    - Газ пештерінің каланған кірпіштерінің сылағының жарылуы байқалған кезде газды қолдануға;

    - Арнайы автоматикалы газ қондырғыларынан басқа жұмыс жасап тұрған газ қондырғыларын қараусыз қалдыруға;

    - Газды пайдаланып болғаннан кейін газ кондырғыларындағы және оған дейінгі крандарды ашық қалдыруга;

    - Газ таралған бөлмеде электр құралдарын қосып-ажыратуға, от жағу немесе темекі шегуге;

    - Мектепке дейінгі жастағы балаларға, сонымен қатар өз әрекетін бақылай алмайтын, құралдарды пайдалану ережесін білмейтін тұлғаларға газ құралдарын пайдалануға.

    - Қыс мезгілінде түтіндік қақпақшалары бітеліп, не мұз катып қалмауы әлсін-әлсін тексеріліп тұрылуы қажет.

    Сонымен қатар, газдан улану жағдайы көбінесе УГОП-16 пешін пайдалану кезінде орын алып жатады. Бұл тұтынушылардың пештін жарамдылық жағдайына аса мән бермеуінен, түтіндіктің тартымдылығын уақытылы тексеріп тұрмағандығынан болады. Пеш қаланған сылақтағы жарықтар немесе сызыттар арқылы улы газ уй ішіне тарайды. Үй ішіндегі газ деңгейі 1% құрауы, адам улануына жеткілікті. Сондықтан УГОП-16 пешінен қауіптің көбірек келетінін ескерте отырып, мүнкіндігіңізше арнайы реттеуіш автоматикасы бар АОГВ немесе басқа да газ қондырғыларына ауыстырғандыңыз жөн екендігіне кеңес береміз. Және үй-жай іші табиғи газ (СН4) және көміртек оксидімен (СО) газдану деңгейін анықтауыш сигнализаторы орнатылғаны дұрыс.

    Газ жабдығына техникалық қызмет көрсету жұмысы тұрмыстық газ қондырғыларын қалпына келтіру, олардың жарақтылық жағдайын анықтап және алдағы уакытта қауіпсіз пайдалануын қамтасыз ету мақсатында жүргізіледі.

    Газ берілу шұғыл тоқтатылғанда, үй іші газ құбырларынан газ иісі байқалған жағдайда дереу газ жабдығының крандарын жауып, газ шарауашылығы мекемесіндегі авариялық қызметінің 104 телефонына хабарлау керек!

    Тұрмыстық газды дұрыс емес пайдалану өртке және т.б. салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін тағы бір рет естеріңізге саламыз. Өзіңізді өрттің қауіп-қатеріне душар етпеңіз! Әрдайым газ пайдалану қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

    Газ қызмет телефоны «104».

  • Дата публикации: 21/10/2019 - 17:03
    Мазмұны:

    Табиғи газ – адамға берілген ұлы игілік. Бұл ыңғайлы, үнемді. Ондаған жылдар бойы газ біздің үйлерімізге жылулық пен жайлылық әкеледі, біз үшін жылулық пен жайлылық көзі болып табылады. Алайда табиғи газ ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Газ қайғылы салдарға әкеп соқтырмас үшін газ жабдықтарына ұқыпты қарап, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау қажет.

    1. Газ құрылғыларын қалай дұрыс пайдалануға болады?

    Тек жұмыс істейтін газ жабдықтарын пайдаланыңыз. Жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса - бұл құрылғының ақауы бар екенін білдіреді, газ мамандарын шақыруыңыз керек. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз және жалынға сұйықтықтар құйылуын немесе желдетуіне жол бермеңіз. Кішкентай балаларға, өздерінің іс-әрекеттерін бақыламайтын тұлғаларға газ жабдықтарын пайдалануға рұқсат бермеңіз.

    Есіңізде болсын! Газдың жануы үшін тұрақты ауа ағыны қажет. Газ плитасын (су жылытқыш) жаққан кезде, терезе әрдайым ашық болуы керек!

    Егер газ беру кенеттен тоқтап қалса, газ құрылғыларының қыздырғыштарындағы шүмектерді дереу сөндіріп, авариялық газ қызметіне 104 телефоны арқылы хабарлаңыз.

    2. Не үшін тартымды тексеру қажет?

     Түтіннің және желдету түтіктерінде тартымның болмауы газдың жану өнімдерімен улануға әкелуі мүмкін. Газ су жылытқыштарын, және жану өнімдерін мұржаларға шығаратын басқа құрылғыларды әр қолданар алдында, мұржада тартымның болуын тексеру қажет. Түтін және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге болмайды, желдету каналдарын желімдеуге болмайды, газбен қолданылатын жабдықтардың түтін тартқыштарын желдету каналдарына қосуға болмайды, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктарды бітеп тастауға және желімдеуге болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштардан түтін шығаратын құбырларда қосымша шиберлерді өз бетімен орнатуға болмайды. Жеке тұрғын үйлердің иелері қыста мұздату мен бітелудің алдын алу үшін мұржалардың ұштарын, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек.

    Есіңізде болсын! Тартым болмаған кезде газ құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.

     3. Неліктен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді үнемі жүргізу қажет?

    Күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану үшін ережелерді білу ғана емес, сонымен бірге пайдаланылатын газ жабдықтарының жарамдылығы да маңызды рөл атқарады. Қайғылы жағдайдың болмауы үшін пәтер ішілік және үйішілік газ жабдықтарына мезгіл-мезгіл техникалық қызмет көрсету қажет. Ол үшін газ құрылғыларының әр иесі мамандандырылған ұйыммен техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасауы керек.

    4. Табиғи газдың иісі пайда болғанда не істеу керек?

    Газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Құрылғылардағы және құрылғылардың алдындағы шүмектерді жабыңыз. Бөлмені желдету үшін терезенің жел көздері мен терезелерді ашыңыз.Ашық отты жақпаңыз, темекі шекпеңіз, электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауларын қолданбаңыз.

    Апаттық қызметіне «04» немесе «104» телефондары арқылы (ұялы байланыс құрылғылары үшін) газдалмаған бөлмеден қоңырау шалып, шақырыңыз.

    5. Қауіпсіздік.

    ГАЗ ТЕК ОНЫМЕН ДҰРЫС ПАЙДАЛАНҒАНДА ҒАНА ҚАУІПСІЗ.

    ТҰРМЫСТА ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ.

  • Дата публикации: 29/08/2019 - 10:51
    , ,
    Мазмұны:

    2019 жылдың 29 тамызында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Е.Е.Жоламановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында Ерлан Ералыұлы бірінші жарты жылындың қорытындысы бойынша қысқыша тоқталып өтті.

  • Дата публикации: 21/08/2019 - 12:52
    ,
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың 20 тамызында  басқарма басшысының орынбасары Е.Е. Жоламанов Жалағаш және Қармақшы аудандарының тұрғындарымен  жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау өткізу барысында  тұрғындардың толғандыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша өтініштері мен ұсыныстары қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  • Дата публикации: 22/07/2019 - 18:28
    Мазмұны:

    Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

    "Бүгінгі таңда 507 білім беру мекемесінің 243-і, 411 мәдениет нысандарының 222-сі және 266 денсаулық сақтау нысандарының 144-і, сондай-ақ 640 шағын қазандықтың 353-і жөнделді. Жалпы жылу беру маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді М. Усаин.

    Өз кезегінде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов барлық жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауды тапсырды.

  • Дата публикации: 21/06/2019 - 18:48
    , ,
    Мазмұны:

    2019 жылдың 18-21 маусым аралығында Қызылорда қаласы, КБИ мөлтек ауданы, «ҚЭТТК» АҚ-ның полигонында Қызылорда облысы бойынша электр тарату тораптарының оперативтік жөндеу персоналы электромонтерлары бригадалары арасында  облыстық кәсіби оқу-жаттығу жарысы өтті. Жарысқа 9 команда (қалалық электр тораптары басқармасы және 8 аудандық электр торабынан) келіп қатысты. Жалпы жарыс 7 кезеңнен тұрады.  Олар:

     №1-кезең – Бағдарламалық кешені қолданылуымен ҚТҚ, ТПҚ, ӨҚҚ білімін тексеру.

    №2-кезең – ВЛ-10 кВ тірегінде электр тогы әрекетінен зардап шеккенді (манекенді) босату, манекен-тренажерында оған алғашқы медициналық көмегін көрсету.

    №3-кезең – 3D-тренажеры қолданылуымен 10/0,4 кВ тарату тораптары учаскесін қарау.

    №4-кезең – ВЛИ-10 кВ анкерлік-бұрыштық темірбетон тірегінде ақаулы оқшаулағышын ауыстыру.

    №5-кезең – Жерден АГП кәрзеңкесі макетінен жұмысы немесе АГП қолданылуымен ВЛ-10 кВ тірегінде РЛНД-10 типіндегі айырғышына техникалық қызмет көрсету.

    №6-кезең – ГКТП-10/0,4 кВ-нда 10 кВ өткерме оқшаулағышын ауыстыру.

    №7-кезең – ГКТП-10/0,4 кВ-нда өртті сөндіру.

    Негізгі жарыстың мақсаты – ең алдымен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау, оперативтік жөндеу персоналының  білімділігін, біліктілігін оқу-жаттығу жарыстары арқылы тәжірибелерін одан әрі жетілдіру болып табылады.  Жарысқа энергетика саласының  қызметкерлері, мамандары, қала және аудандармен жұмыс жасап жүрген мекемелер, кәсіпкерлер, осы мекеменің ардагерлері қонақ ретінде шақырылды. Жарыстың ішінде спорт түрлерінен де (гір көтеру, қол күресі арқан тарту, армрестлинг) әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Жарыстың нәтижесі бойынша:

    3 орынды «Арал аудандық электр торабы» бригадасы жеңіп алды;

    2 орынды «Жалағаш аудандық электр торабы» бригадасы жеңіп алды;

    1 орынды «Тереңөзек аудандық электр торабы» бригадасы жеңіп алды;

    Бас жүлдені «Қалалық электр тораптары басқармасы » бригадасы УАЗ автокөлігін  жеңіп алды;

    Жарыста орындардан басқа номинациялар бойынша да марапаттар табысталды. Олар:

    Үздік шебер- номинациясын «Жалағаш аудандық электр торабы» бригадасының шебері  марапатталды;

    Үздік электромонтёр – номинациясын «Қалалық электр тораптары басқармасы» бригадасының электромонтёры марапатталды;

    Жеңіске талпыныс- номинациясын «Қазалы аудандық электр торабы» бригадасының шебері марапатталды;

    Үздік шебер- номинациясын «Жалағаш аудандық электр торабы» бригадасының шебері  марапатталды;

    Үздік білімділігін көрсете білген маман номинациясын «Қалалық электр тораптары басқармасы» бригадасының электромонтёры марапатталды;

    Үздік жұмыс жүргізуші- номинациясын «Қазалы аудандық электр торабы» бригадасының  электромонтёры марапатталды;

    Үздік төрешілер- номинациясын осы мекеменің ардагерлері  марапатталды;

    Ең жасы үлкен қатысушы - номинациясын «Арал аудандық электр торабы» бригадасының  шебері марапатталды.

    Ең жас қатысушы - номинациясын «Шиелі аудандық электр торабы» бригадасының  электромонтёры марапатталды.

  • Дата публикации: 12/06/2019 - 12:18
    Мазмұны:

    "Ақмешіт- адалдық алаңы"  жобасы аясында 10 салалық бағыт айқындалған. Тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен деңгейіне қоғамдық бақылау жасаудың кестесі бекітіліп, «бір ай – бір сала» қағидасы негізінде жұмыстар ұйымдастырылады.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика