Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2019 жылдың 9 айындағы аналитикалық ақпарат

Газдандыру саласы бойынша

2019 жылға республикалық бюджеттен 4 216 927 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:  2 жобаны аяқтауға ("Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу" және "Тереңөзек кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" мгистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы") - 1 213 901 мың теңге, 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жобасын бастауға 3 003 026 мың теңге.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру үшін 327 132,3 мың теңге бөлінді.

Жобалар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды:

1. "Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1-кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газ құбыры)" жобасы бойынша құрылыс-жұмыстары толығымен аяқталып, нысан 2019 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

2. "Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары толғымен аяқталды. Нысан 2019 жылдың 25 қырқүйегінде пайдалануға берілді.

3. 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жұмыстары басталып, құрылыс-монтаж жұмыстарының 45 пайызы орындалды. Сонымен қатар, 86,4 шақырым траншея қазылып, газ құбырлары дәнекерленіп салынды және  4 дана ГРП, 4 дана ШРП орнатылды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2018 жылы 27 қарашада кол қойылған келісім шарттар бойынша «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №47, №48, №244 орта мектептері мен «Арман» мәдениет үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету», «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №127, №219, №270, №47 орта мектептері мен оқушылар үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету»,  «Арал қаласындағы мәдениет үйі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық актілерді тіркеу бөлімі ғимаратын және «Арал қаласындағы №62,220 орта мектептердің бу қазандығын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 7 жоба бойынша  13 әлеуметтік нысанды газға бейімдеу мақсатында конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекемемен келісімшарт талаптары талқылану сатысында.

Облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жобалар

Спорт саласының 6 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 29,1 млн. теңге;

«Қызылорда қаласындағы ҚЖЭО МКК-ның «Белкөл» қазандығын реконструкциялауға» 183,9 млн. теңге;

«Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 142,0 млн теңгеден 5,0 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар

2020 жылы Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаны «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асыру үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Абаттандыру жұмыстары

Қызылорда қаласын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру  жұмыстарына облыстық бюджеттен 350 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 612 құрап отыр.

Ағымдағы жылда 9 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (Қызылорда қаласында – 3 үй, Арал ауданында – 4  үй, Қармақшы ауданында – 2 үй).

Қазіргі таңда, Арал ауданында аудандық бюджет есебінен 2 көпқабатты тұрғын үйдін және Жалағаш ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

2018 жылдан өтпелі жобаларды қосқанда 2019 жылы сумен қамту және суды бұрудың 34 жобасы мен 3 жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге  7,2 млрд.теңге (7 167 416 мың теңге) бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 6,6 млрд.теңгеге жуық (6 560 486 мың теңге), облыстық бюджеттен 606,9 млн.теңге (606 930 мың теңге).

Ағымдағы жылы 19 жоба аяқталады. Бүгінгі күнге 7 нысанның құрылысы аяқталды (Жаңақорған, Бірқазан, Қарауылтөбе, Қызылорда қ. Жылыжай, Жаңадария, Аққыр, Сексеуіл).

Қалған 15 жоба келесі жылға өтпелі.

Анықтама үшін:

Жобалардың бағдарламалар бойынша іске асырылуы төмендегідей.

Нұрлы жол бағдарламасы бойынша

2017 жылдан бастап Жаңақорған кентінің ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жүйесі жобасы іске асырылуы басталып, 2019 жылы қыркүйекте нысан актімен қабылданды. жобаны аяқтауға  1,6 млрд.теңге (1 649 977 мың теңге) бөлінді.

Құрылыс құны - 3 млрд 960 млн.тг. Жобада қаралған 189 шақырым су желілерін жаңартылып, кеңейтілді.

Анықтама үшін:

2017 жылы осы жобаға 915,6 млн.тг; 2018 жылы 1 393,9 млн.тг; 2019 жылы 1 650 млн.тг бөлініп қаржылар толық игерілді.

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту»  бағдарламасы бойынша

24 жобаны іске асыруға 5,1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді (РБ-4 910 509 мың теңге; ОБ – 231 964 мың теңге). Оның ішінде:

- 2018 жылдан өтпелі 11 жобаға - 2,1 млрд. тг (РБ-1 957 822 млн. тг;  ОБ-183 659,1 мың тг);

- 13 жаңа жобаға - 3,0 млрд. теңге (РБ -2 952 687 мың теңге; ОБ – 47 447 мың теңге). Шиелі - 2, Жалағаш - 2, Қызылорда - 9 нысан.

Оның ішінде 2019 жылы 12 жоба аяқталады (Арал - 1, Қазалы - 1, Жалағаш - 3, Қызылорда - 7). Нәтижесінде 289,6 км су құбыры және 2,5 км кәріз желілері жаңартылады. Қалған 12 жоба (Шиелі - 2 (Тартоғай, Шоқай), Жалағаш - 2 (Далдабай, Жаңақоныс), Қызылорда - 8 (Наурыз-желі, Белкөл - 2,Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек,Талдыарал, 23 КСС ) 2020 жылға өтпелі.

Облыстық бюджет қаржысы арқылы

Облыстық бюджет қаржысына 9 жобаны және 3 жоба-сметалық құжаттама әзірлеу іске асырылуда. Оған барлығы 374,9 млн.теңге (374 966 мың тг).

2019 жылы:

Қызылорда қаласындағы аумағында жылыжай кешенінің сумен жабдықтауға №6733 барлау-пайдалану ұңғымасын байлау жобасының жұмыстары аяқталды, нысанды қабылдау жұмыстары жүруде;

Шиелі ауданы 1 мамыр, Ботабай елді мекендерінің ауылішілік су жүйесінің, Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің сервистік жүйесінің құрылыстары, Тораңғылсай жерасты су көлемін қайта бағалау зерделеу жұмыстары аяқталатын болады;

Талсуат ауылындағы ет комбинатын сумен жабдықтау, жылына 300 мың тонналық Арал-Сода зауытын сумен қамту, Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын сыртқы сумен жабдықтау жобасының жұмыстары жүруде;

Қызылорда қаласы Титов кентіндегі қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр биологиялық тазарту станциясының электр, газбен жабдықтау, Тасбөгет кентіндегі модульдік кәріздік-тазарту станциясынан Титов кентіндегі қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр биологиялық тазарту станциясына дейін екіжелілік қысымды кәріз жүйесі құрылысы, Қазалы ауданында Байқожа оқшау топтық су құбырын қайта жаңғырту жобаларына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталуда.

Электр энергетикасымен камтамасыз ету бойынша

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 308,7 млн. теңге бөлінді.  Жоба толығымен іске асырылып, а.ж. 29 сәуірінде пайдалануға берілді.

«Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 35/10 кВ «ГМЗ» , «Силикатная» «Комсомол» «Залинейная» және «Промышленная» қосалқы стансасаларын қайта жаңғырту», жобалары бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттамаларға сараптаманың оң қорытындылары алынып, облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы стансасын реконструкиялау» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 610,4,  облыстық бюджеттен 16,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мердігер анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуда.

«Жаңақорған ауданы СПК «Бекарыс и К» шаруа қожалықтарын электрмен қамтамасыз ету» жобасы бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлінді.Бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Облыстық бюджеттен бөлінген 151,016  млн.теңгеге «Электрмен жабдықтау   «Жылыжай кешенінің құрылысы»-2,157га Қызылордаға Испанияның технологиялық жабдықтары тікелей қадағалауымен құрылуы» жобасының іске асырылуы жалғасуда.

Жалагаш ауданындағы 1-кезектегі Аққыр, Аққұм, Жаңадария елді мекендерінің 10/0,4 кВ электр желілерін дамыту үшін облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлініп,  құрылыс-жұмыстары іске асырылуда.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі» және «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» әріптестік аясындағы несие шартқа сәйкес, Қызылорда қаласының Залинейная аумағындағы (КБИ, Коммунизм,Әлфараби, Қызылжарма а.о., Гагарин және Титов қыстақтары т.с.с) әне Шиелі ауданының тозығы жеткен электрмен қамту жүйелері жаңғыртылуда. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 324 шақырымды құрайтын 10/0,4 кВ әуе желісінің 184,88 шақырымы яғни 76 пайызы қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар, 53 дана КТПБ-10/0,4 кВ блокты қосалқы трансформаторлық қондырғылардың 46 данасы яғни 87 пайызы орнатылды, 1 дана жабық тарату пункті орнатылды. Аталған жұмыстар, толығымен 2020 жылдың соңына дейін аяқталады.

Коммуналдық қызметтердің төмендеуі бойынша

2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап коммуналдық мекемелердің инвестициялық бағдарламаларының көлемінің азаюына, оған қоса, «Қызылорда жылуэлектрорталығы» энергия өндіруші кәсіпорын үшін газ бағасының 12%-ға (21182,54 - тен 18606,79 теңгеге дейін) төмендеуіне байланысты

- жылу энергиясының орташа тарифы 4,2% (5762,32-ден 5522,69 теңгеге дейін), соның ішінде тұрғындар үшін 12% (3221,39-дан 2834,82 теңгеге дейін);

- электр энергиясымен жабдықтау қызметі 4,4% (17,6-дан 16,91 теңгеге дейін);

- сумен жабдықтау қызметі 22,6%-ға  (77,42-ден 59,88 теңгеге дейін);

- су бұру қызметі 11,4%-ға (100,46-ден 89,05 теңгеге дейін) төмендетілді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұйрығына сәйкес, тұрғындар үшін газдің бағасы 1,3%-ға (21182,54-тен 20902,93 дейін) төмендетілді.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап «Энергосервис» ЕЖШС  1 кВт*сағат электр энергиясымен жабдықтау қызметінің  тарифі 0,32% төмендетілді (ҚҚС-мен 15,49-дан 15,44 теңгеге дейін).

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап

- жылу энергиясының орташа тарифы 1,2% (5522,69-дан 5454,8 теңгеге дейін), соның ішінде тұрғындар үшін 1,2% (2834,82-ден 2799,66 теңгеге дейін);

- сумен жабдықтау қызметі 12,3%-ға  (59,88-ден 52,47 теңгеге дейін);

- су бұру қызметі 13,5%-ға (89,05-тен 77,03 теңгеге дейін) төмендетілді


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2019 жылдың I жарты жылдығы бойынша аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

2019 жылға республикалық бюджеттен 4 216 927 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: 2 жобаны аяқтауға ("Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу" және "Тереңөзек кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" мгистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы") - 1 213 901 мың теңге, 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жобасын бастауға 3 003 026 мың теңге.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру үшін  327 132,3 мың теңге бөлінді.

Жобалар бойынша 1 жарты жылдықта төмендегі жұмыстар атқарылды:

1. "Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1-кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газ құбыры)" жобасы бойынша Сырдария өзенінен көлденен бұрғылау тәсілімен өтетін жоғыры қысымды газ құбыры тартылып, пайдаланып отырған газ желісіне қосу (врезка) жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталу кезеңінде. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 30.06.2019 ж. 112 575 мың теңге немесе 38 пайызы игеріледі. 

2. "Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырының жоспарлы тоқтатылуы тамыз-қыркүек айларына ауысуына байланысты қосу (врезка) жұмыстарының уақыты өзгертілді. Жобаны қыркүек айында аяқтау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 30.06.2019 ж. 919 683 мың теңге немесе 100 пайызы игеріледі, облыстық бюджеттен 37 951 мың теңге немесе 19 пайызы игеріледі.

3. Қазіргі таңда, Тереңөзек жобасының мердігер мекемесі анықталғанмен, техникалық қадағалаушы мекемесі анықталмады, сондай-ақ, Жосалы, Жақсықылыш және Жалағаш жобалары бойынша мердігер мекемелерін анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы қайтадан жарияланып, конкурстық процедуралар жүргізілуде.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2018 жылы 27 қарашада кол қойылған келісім шарттар бойынша «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №47, №48, №244 орта мектептері мен «Арман» мәдениет үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» және «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №127, №219, №270, №47 орта мектептері мен оқушылар үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» жобалары жүзеге асырылып, пайдалануға берілді.

«Арал қаласындағы мәдениет үйі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық актілерді тіркеу бөлімі ғимаратын және «Арал қаласындағы №62,220 орта мектептердің бу қазандығын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету жобалары бойынша жекешелік әріптес «КомпанияГазСтрой» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 7 жоба бойынша 13 әлеуметтік нысанды газға бейімдеу мақсатында конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға жергілікті және республикалық басылымдарға хабарлама жарияланды.

Областық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жобалар

Спорт саласының 6 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 29,1 млн. теңге;

«Қызылорда қаласындағы ҚЖЭО МКК-ның «Белкөл» қазандығын реконструкциялауға» 183,9 млн. теңгеден 5,0 млн. теңге;

«Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 142,0 млн теңгеден 5,0 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар

2020 жылы Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаны «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асыру үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Абаттандыру жұмыстары

Қызылорда қаласын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру  жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 621 құрап отыр.

Қызылорда қаласында қайтарымды қаражат  есебінен (103,0 млн тг) 3 көп қабатты тұрғын үй және Арал ауданында бюджет (26,0 млн тг) есебінен 6 көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

Нұрлы жол бағдарламасы бойынша

2017 жылдан бастап Жаңақорған кентінің ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. 2019 жылы жобаны аяқтауға  1,6 млрд.теңге (1 649 977 мың теңге) бөлінді.

Құрылыс құны - 3 млрд 960 млн.тг. Жобаның қуаттылығы 193 шақырым су желілерін жаңарту және кеңейту.

Анықтама үшін:

2017 жылы осы жобаға 915,6 млн.тг;

2018 жылы 1 393,9 млн.тг бөлініп қаржылар толық игерілді.

2019 жылы жобаны аяқтауға бөлінген 1,6 млрд.теңгеден, қаржының игерілгені - 82 пайыз (1,4 млрд.тг).

Бүгінгі күнге абаттандыру, көше асфальтін қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Мердігердің жұмыс жоспарына сәйкес, жұмыстар а.ж. шілде айында аяқталады.

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту»  бағдарламасы бойынша

24 жобаны іске асыруға 5,0 млрд. теңге бөлінді (РБ -4 910 509 мың теңге; ОБ - 92 379 мың теңге). Оның ішінде:

- 2018 жылдан өтпелі 11 жобаға - 2,0 млрд. тг (РБ-1 957 822 млн. тг; ОБ-65 048 мың тг);

- 13 жаңа жобаға - 3,0 млрд. теңге (РБ -2 952 687 мың теңге; ОБ - 27 331 мың теңге). Шиелі - 2, Жалағаш - 2, Қызылорда - 9 нысан.

Оның ішінде 2019 жылы 12 жоба аяқталады (Арал - 1, Қазалы - 1, Жалағаш - 3, Қызылорда - 7). Нәтижесінде 289,6 км су құбыры және 2,5 км кәріз желілері жаңартылады. Қалған 12 жоба (Шиелі - 2 (Тартоғай, Шоқай), Жалағаш - 2 (Далдабай, Жаңақоныс), Қызылорда - 8 (Наурыз-желі, Белкөл - 2,Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек,Талдыарал, 23 КСС ) 2020 жылға өтпелі.

Электр энергетикасымен камтамасыз ету бойынша

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 308,7 млн. теңге бөлінді.  Жоба толығымен іске асырылып, а.ж. 29 сәуірінде пайдалануға қабылданды.

«Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «ГМЗ» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Силикатная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Комсомол» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Залинейная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Промышленная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту» жобалары бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттамаларға сараптаманың қорытындылары алынды.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы стансасын реконструкиялау» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 610,4 облыстық бюджеттен 16,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

«Жаңақорған ауданы СПК «Бекарыс и К» шаруа қожалықтарын электрмен қамтамасыз ету» жобасы бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлінді.Бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

«Электрмен жабдықтау «Жылыжай кешенінің құрылысы»-2,157га Қызылордаға Испанияның технологиялық жабдықтары тікелей қадағалауымен құрылуы» жобасы бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 70  млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

 Қызылорда облысы Жалагаш ауданы Аққыр, Аққұм, Жаңадария елді мекендерінің  10/0,4 кВ электр желілерін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлініп,  мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігерлер анықталды. Қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтар сатып алынуда.

Сонымен қатар, 7 жоба бойынша төлқұжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Коммуналдық қызметтердің төмендеуі бойынша

2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап коммуналдық мекемелердің инвестициялық бағдарламаларының көлемінің азаюына, оған қоса, «Қызылорда жылуэлектрорталығы» энергия өндіруші кәсіпорын үшін газ бағасының 12%-ға (21182,54 - тен 18606,79 теңгеге дейін) төмендеуіне байланысты

- жылу энергиясының орташа тарифы 4,2% (5762,32-ден 5522,69 теңгеге дейін), соның ішінде тұрғындар үшін 12% (3221,39-дан 2834,82 теңгеге дейін);

- электр энергиясымен жабдықтау қызметі 4,4% (17,6-дан 16,91 теңгеге дейін);

 - сумен жабдықтау қызметі 22,6%-ға  (77,42-ден 59,88 теңгеге дейін);

- су бұру қызметі 11,4%-ға (100,46-ден 89,05 теңгеге дейін) төмендетілді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұйрығына сәйкес, тұрғындар үшін газдің бағасы 1,3%-ға (21182,54-тен 20902,93 дейін) төмендетілді.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап «Энергосервис» ЕЖШС  1 кВт*сағат электр энергиясымен жабдықтау қызметінің  тарифі  0,32% төмендетілді (ҚҚС-мен 15,49-дан 15,44 теңгеге дейін).


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2019 жылдың I тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) газдандырылды. Осы елді мекендерде қазір 25 803 тұрғын үй болатын болса, соның 22 мыңы қазір көгілдір отын игілігін көріп отыр.    

Бүгінгі күнде аймақтағы қалған 3 аудан орталықтарын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Тереңөзек кентіне арналған АГТС орнату жобасын аяқтауға  республикалық және облыстық бюджеттерден 2019 жылға 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде. Нысанды аяқтау мерзімі - 2019 жылдың мамыр айы.

Сондай-ақ,  Жосалы, Тереңөзек Жалағаш және Жақсықылыш кенттерін газдандыру жобасына ресепубликалық және облыстық бюджеттен есебінен 4,6 млрд. теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, Жосалы, Тереңөзек және Жақсықылыш елді мекендерін газдандыру жобасына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Ал, Жалағаш кентін газдандыру жобасына бюджеттің нақтылануы кезінде бөлінген қаржыға республикалық бюджеттің шешімі күтілуде.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын газдандыру құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджеттен 294,2 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде.

Шиелі кентінде индустриалды аймақты газдандыру құрылысын аяқтауға  облыстық бюджеттен 36,1 млн.теңге қаржы бөлініп, нысан 2019 жылдың ақпан айында пайдалануға қабылданды.

Сонымен бірге, «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз,Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандыру»  және «Қазалы қаласына газ құбырын жүргізу» ЖСҚ жобалары әзірлеп, бүгінгі күні мердігер мекемелердің жобалары, мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2018 жылы 27 қарашада кол қойылған келісім шарттар бойынша «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №47, №48, №244 орта мектептері мен «Арман» мәдениет үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» және «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №127, №219, №270, №47 орта мектептері мен оқушылар үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» жобалары жүзеге асырылуда.

2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 7 жоба бойынша

13 әлеуметтік нысанды газға бейімдеу мақсатында конкурс құжаттамалары әзірленуде.

Сонымен қатар, 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылауға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға 4 жобаны "Нұрлы жол" бағдарламасымен жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Алайда, қолдау таппады.

Абаттандыру жұмыстары

Қызылорда қаласын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру  жұмыстарына облыстық бюджеттен 365 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 621 құрап отыр.

Облыс бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін қайтарымды қаражат және аудандық бюджеттер есебінен қаржы бөлу жұмыстары нақтылануда.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің  сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасының құрылыс жұмыстары 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді.

Жобаның жалпы құны  4,1 млрд. теңге, Келісім шарт бойынша 3,9 млрд. теңге.  Жоба бойынша 193,3 шақырым ауыз су жүйесінің қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, абаттандыру және асфальт қабаттарын қалпына келтіру жұмыстары қалды. Жобаны ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда.

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша

2019 жылы 17 жобаға барлығы 3,2 млрд.теңге бөлінді (оның ішінде, РБ – 3 110,5 млн. теңге,  ОБ – 92,4 млн. теңге). Оның ішінде, 2019 жылы 13 жобаны аяқтау жоспарлануда (Арал ауданы, Сексеуіл кенті, Қазалы ауданы Түктібаев е.м., Жалағаш ауданы Аққыр, Мақпалкөл, Жаңадария е.м., Қызылорда қаласы Есенов, Мұнайшы көшелері, Бірқазан, Талсуат, Сабалақ, Наурыз, Қарауылтөбе, Досан е.м.)

2020 жылға 4 жоба өтпелі (Шиелі ауданы Тартоғай, Сұлутөбе е.м.Қызылорда қаласы Наурыз е.м. және 23 КНС қайта жаңғырту)

Облыстық бюджет бойынша

2019 жылы 5 жобаға барлығы 305,3 млн.тг  бөлінді, оның ішінде:

Анықтама ретінде: - «Қызылорда облысы Шиелі ауданы 1 Май елді мекенін сумен қамту жүйелерінің құрылысы» - 92,1 млн тг.;

- «Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ботабай елді мекенінде ішкі ауыз су желісінің құрылысы» - 66,9 млн тг.;

- «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы тұрғын үйлерге ауыз су желілерінің құрылысы» - 31,6 млн тг.;

- Тораңғылсай жерасты су кенішін қайта бағалауға – 55,7 млн.тг.; 

- "Қызылорда Су Жүйесі" МКК-нің жарғылық капиталын ұлғайту – 59,0 млн тг.

Электрмен жабдықтау бойынша

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 308,7 млн. теңге бөлінді.  Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

«Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «ГМЗ» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Силикатная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Комсомол» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Залинейная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС 35/10 кВ «Промышленная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту» жобалары бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттамаларға сараптаманың қорытындылары алынды.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы стансасын кайта жаңғырту» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 610,4, облыстық бюджеттен 16,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

«Жаңақорған ауданы СПК «Бекарыс и К» шаруа қожалықтарын электрмен қамтамасыз ету» жобасы бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлінді.Бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

 Қызылорда облысы Жалагаш ауданы Аққыр, Аққұм, Жаңадария елді мекендерінің  10/0,4 кВ электр желілерін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлініп,  мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша аналитикалық ақпарат

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) газдандырылды. Осы елді мекендерде қазір 25 803 тұрғын үй болатын болса, соның 21 мыңнан астамы қазір көгілдір отын игілігін көріп отыр.

Бүгінгі күнде аймақтағы қалған 3 аудан орталықтарын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жосалы кентіне арналған АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысына 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 902,327 млн. теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылысы 2018 жылдың 18 мамырында аяқталды.

Тереңөзек кентіне арналған АГТС орнату жобасына республикалық және облыстық бюджеттерден 2018 жылға 2,1 млрд.теңге қаржы бөлінді. 2018 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, қазіргі таңда, 43,4 шақырым газ құбыры және автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынды. Нысанды аяқтау мерзімі - 2019 жылдың мамыр айы.

Сондай-ақ, «Тереңөзек-АГРС-тен Жалагаш-ГГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің құрылысы» жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 65 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауында.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын газдандыру құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 650 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде.

Сонымен бірге, «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз,Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандыру» жобалары бойынша 49,6 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні мердігер мекеме жобаны әзірлеп, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынды.

Сондай-ақ, Шиелі кентінде индустриалды аймақты газдандыру құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы барлығы 5 денсаулық сақтау нысандарын және Арал ауданындағы №83 орта мектептің жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға облыстық бюджеттен 188,3 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда, 5 нысан, яғни, Шиелі ауданындағы 2 денсаулық сақтау және Жаңақорған ауданы орталық аурухана, Байқоңыр облыстық медицина орталығы филиалы және Арал қаласындағы №83 орта мектептің жылу жүйелері газ отынына бейімделіп пайдалануға берілді. Ал, Қазалы ауданы, Қазалы кентіндегі перзентхананың қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 6 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін бөлінген 18,0 млн. теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаға Ұлттық қордан 2,2 млрд.теңге бөлініп, 7,046 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар, 2019 жылға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға  9 жобаны "Өңірлерді дамыту – 2020 жылға дейінгі" және «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Абаттандыру жұмыстары бойынша

Облыстық бюджеттен бөлінген 1 290 млн. теңгеге Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін жарықтандыру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық жұмыстары және  Арал аудан орталығын, Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылын, Жаңақорған ауданы Сүтті құдық, Сунақата елді мекендерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша

Қазіргі уақытқа, Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 629 құрап отыр.

2018 жылдың 1 желтоқсанына 2011-2015 жылдары тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының қайтарымы  59,1 пайызды құрап отыр.

Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 359,9 млн.теңгеге 8 көппәтерлі тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 7 көппітерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 1 көппәтерлі тұрғын үй 2019 жылға өтпелі.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

2018 жылы сумен жабдықтау және суды бұру бойынша Ұлттық қор және республикалық бюджеттен 33 жобаға барлығы 5,5 млрд.теңге (5 527 619 мың теңге) бөлінді. Оның ішінде:

Нұрлы жол бағдарламасымен Ұлттық қордан 14 жобаға 3 млрд. теңге (2 978 081 мың теңге);

Өңірлерді дамыту бағдарламасымен республикалық бюджеттен 19 жобаға 2,5 млрд.теңге (2 549 538 мың теңге).

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен сумен жабдықтауға қатысты жобаларға 1,1 млрд.тг ( 1 067 977 мың) бөлінді.   

Нұрлы жол бағдарламасы бойынша

14 жобаға 3,0 млрд. теңге (2 978 081 мың.тг) қаржы бөлінді. Игерілуі 100 пайыз (міндеттеме - 2 831 404 мың тг, игерілуі 100%). Үнемделген қаржы - 146 677 мың тг (оның ішінде, мемлекеттік сатып алудан 117 107 мың тг -РБ қайтарылды, ҚМЖ- дан 29 570 мың тг).

Оның ішінде: - Қызылорда қаласы бойынша 13 жобаға 1,6 млрд.теңге (1 584 151 мың теңге), оның ішінде, сумен жабдықтау - 8 жоба, суды бұру - 5 жоба.

Есепті кезеңге Қызылорда қаласы бойынша 13 жоба аяқталып актімен қабылданды, 10 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылды.

- Жаңақорған кенті бойынша 1 жобаға 2018 жылға - 1,4 млрд.теңге (1 393 930 мың теңге) бөлініп, толық игерілді, 110,6 шақырым су желілері салынды. Жоба 2019 жылға өтпелі (1 649 977 мың тг.).

2017-2018 жылдары игерілген қаржы 100 пайызды (2 309 536 мың) құрайды және 157,8 км су жүйесі салынды.

Өңірлерді дамыту  бағдарламасы бойынша

2018 жылы 19 жобаға барлығы 2,8 млрд.теңге (2 817 030 мың тг.) бөлінді (оның ішінде, РБ - 2 549 538 мың.тг ОБ – 267 492 мың.тг). Игерілуі 100 пайыз (РБ - 2 512 451 мың.тг., үнемделген қаржы –37 087  мың.тг. ОБ – 100%).

Анықтама үшін: 2018 жылы 19 жобадан 8 нысан (Қалжан ахун, Мырзабай, Шәменов, Басықара, Талсуат, Тасбөгет е.м., Ақмешіт, Мерей м/а) аяқталды. Нәтижесінде 90 км ауыз су және 12 км кәріз желілері салынды. Қалған 11 жоба 2019 жылға өтпелі.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар бойынша

2018 жылы барлығы 1,1 млрд.тг ( 1 067 977 мың) бөлінді, оның ішінде:

- Өңірлерді дамыту бағдарламасымен іске асатын 19 жобаларды қоса қаржыландыруға – 267,5 млн.тг (267 492 мың тг);

- Тораңғылсай жерасты су кенішін қайта бағалауға - 70 млн.тг, нысан 2019 жылға өтпелі;

- Қызылорда қаласында жылыжай кешенінің сумен қамту жүйесіне №6733 барлау-эксплуатациялық ұңғыманы байлау жобасына  бөлінген 10 млн.тг игерілді. Жоба 2019 жылға өтпелі;

- Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай елді мекендерінде сумен қамту жүйесіні құрылысы жобасына жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірлеуге - 109,6 млн.тг (109 583 мың тг). ЖСҚ әзірленіп,мемсараптама қорытындысы алынды;

- Байқоңыр қаласының сумен қамту және суды бұру жүйесін қайта жаңғырту жобасына техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге - 39,6 млн.тг (39 625 мың тг). ТЭН әзірленіп, мемсараптама қорытындысы алынды. ОБ-ке ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді (122 млн.тг);

 - Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің солжағалауын сумен қамту жобасына - 550,0 млн.тг. (550 000 мың тг) 30,2 км су желілері салынып, нысан актімен қабылданды;

- Титов қыстағында индустриялық аумақты сумен қамту және суды бұру жүйесін салу жобасын төлқұжатандыруға - 2,0 млн.тг. Техпаспорты алынып, Қызылорда су жүйесі МКК теңгеріміне берілді;

- Қызылорда қаласында №1 "Жихаз фабрикасы" КНСке дейінгі екіжелілік кәріз жүйесін жаңғырту жобасына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге - 18,3 млн.тг (18 324,4 мың тг). ЖСҚ әзірленіп, мемсараптама қорытындысы алынды.

-Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде "Қызылорда су жүйесі" МКК сенімді басқаруға беру жобасына - 953 мың теңге.

Субсидиялау бойынша

Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 2,5 млрд.теңге (2 530 727 мың теңге), оның ішінде, облыстық бюджеттен 2,4 млрд.теңге (2 455 724 мың тг), республикалық бюджеттен 75 млн. теңге (75 003 мың тг) бөлініп, игерілді.

Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны - 175, оның 79-оқшау су көздерінен, 96 - топтық су құбырларынан су тұтынады.

Субсидияға БО-дан алатын алашақ - 1 009,2 млн.тг (2017 жылға - 276,4 млн.тг; 2018 жылға - 732,8 млн.тг)

Электр энергетикасымен камтамасыз ету бойынша

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасы бойынша 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 650 млн.тг. толығымен игерілді. Нысанды аяқтауға облыстық бюджеттен қаражат бөлінбеуінен ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ҚМЖ тоқтатылды. Оған қарамастан мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтауға қажетті барлық электр қондырғылары мен жабдықтары сатып алынған, нысан өтпелі. 2019 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға берілуі жоспарлануда.

«Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген 186,3 млн жүргізуге  толығымен игеріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілді.

«Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай а/о 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 35/10 кВ №22 ҚС-сын кеңейту және  қайта жаңғырту» жобаларының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Қазіргі таңда 5 жоба бойынша, атап айтқанда «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «ГМЗ» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Силикатная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Комсомол» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Залинейная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Промышленная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту» жобаларының мемлекеттік сараптамасымен қоса жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша конкурс жарияланып, нәтижесінде «Энергия» ҚазОЭЖҒЗІИ АҚ жобалаушы мекеме анықталып, жобалардың жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы ағымдағы жылдың наурыз айында алынады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы стансасын кайта жаңғырту» жобасын жүзеге асыруға бюджеттік өтінім жолданды.

«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС «Шиелі ауданының индустриалды аймағына электржелілерді жеткізу» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру мақсатында келісім шартқа қол қойылды.

Коммуналдық қызметтердің тарифтері бойынша:

үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан бастап электр  энергиясымен жабдықтау қызметінің  тарифі 3,7%-ға, жылу энергиясының тарифі 1,2%-ға төмендетілді (уақытша өтемдік тариф).

2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап коммуналдық мекемелердің инвестициялық бағдарламаларының көлемінің азаюына, оған қоса, «Қызылорда жылуэлектрорталығы» энергия өндіруші кәсіпорын үшін газ бағасының 12%-ға (21182,54 - тен 18606,79 теңгеге дейін) төмендеуіне байланысты:

Жылу энергиясының орташа тарифы 4,2%-ға (5762,32-ден 5522,69 теңгеге дейін), соның ішінде тұрғындар үшін 12%-ға (3221,39-дан 2834,82 теңгеге дейін);

Электр энергиясымен жабдықтау қызметі 4,4%-ға (17,6-дан 16,91 теңгеге дейін);

Сумен жабдықтау қызметі  22,6%-ға  (77,42-ден 59,88 теңгеге дейін);

Су бұру қызметі 11,4%-ға (100,46-ден 89,05 теңгеге дейін) төмендетілді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап пәтер иелерінің кооперативтерінің (КСК) қызметі 5%-ға (24,55-23,25 теңгеге дейін), қоқыс шығару қызметінің тарифтері  облыс аудандары бойынша 2% дейін төмендеді. Қызылорда қаласы бойынша 5%-ға төмендету күтілуде, осы мәселе алдағы мәслихаттың отырысында қаралатын болады.

Облыс бойынша лифт қызметі тегін көрсетіледі.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2018 жылдың 9 айындағы аналитикалық ақпарат

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) газдандырылды. Осы елді мекендерде қазір 25 803 тұрғын үй болатын болса, соның 20 мыңы қазір көгілдір отын игілігін көріп отыр.    

Бүгінгі күнде аймақтағы қалған 3 аудан орталықтарын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жосалы кентіне арналған АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысына 2018 жылы республикалық бюджеттен 892,272 млн. теңге, облыстық бюджеттен 99,128 млн. теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылысы  ағымдағы жылдың 18 мамырында аяқталды.

Тереңөзек кентіне арналған АГТС орнату жобасына республикалық және облыстық бюджеттерден 2018 жылға 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, қазіргі таңда, 40,2 шақырым газ құбыры салынды. Нысанды аяқтау мерзімі - 2019 жыл.

Сондай-ақ, «Тереңөзек-АГРС-тен Жалагаш-ГГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің құрылысы» жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 135 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын газдандыру құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 650 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде. Нысанды пайдалануға беру 2018 жылдың соңына жоспарлануда.

Сонымен бірге, «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз,Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандыру» жобалары бойынша 49,6 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні мердігер мекеме жобаны әзірлеуде.

Сондай-ақ, Шиелі кентінде индустриалды аймақты газдандыру құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 1,4 шақырым газ құбыры салынды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы барлығы 5 денсаулық сақтау нысандарындағы жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға облыстық бюджеттен 173,0 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда, 3 нысан, яғни, Шиелі ауданындағы 2 денсаулық сақтау және Жаңақорған ауданы орталық ауруханасының қазандықтары газ отынына бейімделіп пайдалануға берілді. Қалған 2 нысан бойынша, Қазалы ауданы, Қазалы кентіндегі перзентхананың және Байқоңыр Облыстық медицина орталығы филиалының жылу жүйелерін қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 6 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін бөлінген 18,0 млн. теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаға Ұлттық қордан 2,2 млрд.теңге бөлініп, қазіргі таңда, 4 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қалған 4 нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2019 жылға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға 9 жобаны "Өңірлерді дамыту – 2020 жылға дейінгі" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Абаттандыру жұмыстары бойынша

Облыстық бюджеттен бөлінген 1198,444 млн. теңгеге Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін жарықтандыру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық жұмыстары және  Арал аудан орталығын, Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылын, Жаңақорған ауданы Сүтті құдық, Сунақата елді мекендерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша

Қазіргі уақытқа, Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 629 құрап отыр.

2018 жылдың 1 қазанына 2011-2015 жылдары тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының қайтарымы 59,4 пайызды құрап отыр.

Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 359,9 млн.теңгеге 8 көппәтерлі тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 19 жобаға барлығы 2 674 млн.теңге бөлінді (оның ішінде, РБ - 2 406 870 мың.тг ОБ -  267 492 мың.тг).

2018 жылға 1 қазанға жоспар 1 586 млн.теңгеден игерілгені 914 млн.теңге немесе 58 пайыз.

Игеру көрсеткішінің төмен болуының себептері жергілікті әкімдіктердің мемлекеттік сатып алу конкурсының хабарландыру кеш шығуына және конкурсқа қатысқан мердігерлер тарапынан арыз түсуіне байланысты. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент тарапынан тексерілуі және сотта қаралуы жүргізілуде.

Анықтама үшін:

Облыс әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №1116 қаулысымен республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар аудан әкімдіктеріне аударылған. Алайда:

- Қазалы ауданы Басықара е.м. сервистік жүйеге берілген қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы а.ж. 30 шілдесінде жарияланған немесе белгісіз себептермен 72 күнге кешіккен;

- Қазалы ауданы Түктібаев е.м. сервистік жүйеге берілген қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы а.ж. 27 шілдесінде жарияланған немесе белгісіз себептермен 69 күнге кешіккен;

- Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының өткізілмеді деп танылуына байланысты бір көзден мердігерді анықтау әдісі қолданылған. Осыған байланысты:

- Мақпалкөл е.м. бойынша мердігермен келісім шарт а.ж. 17 қыркүйегінде жасалған;

- Жалағаш ауданы Аққыр е.м. бойынша мердігермен келісім шарт а.ж. 17 қыркүйегінде жасалған;

- Жалағаш ауданы Жаңадария е.м. бойынша мердігермен келісім шарт есепті кезеңге дейін жасалмаған;

-  Қызылорда қаласы Досан е.м. бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы а.ж. 20 сәуірінде жарияланған. Дегенмен, арыздардың түсуіне байланысты Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әлі қарауында.

Наурыз, Сабалақ е.м. бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы а.ж. 20 сәуірінде жарияланған. Дегенмен, арыздардың түсуіне байланысты Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қарауында болғандықтан, мердігерлермен келісім шарт а.ж. 27 қыркүйегінде жасалған.

19 жобаның іске асырылуын талдайтын болсақ:

- 2017 жылдан өтпелі 3 жобаның құрылысын аяқтауға 527 млн.теңге (526 941 мың тг). Оның 1 нысаны бойынша құрылысы аяқталып, актімен қабылданды, 2 нысан бойынша құрылыс аяқталуға жақын.

Есепті кезеңге Сырдария ауданы Қалжан ахун е.м. 17,3 шақырым су жүйесі қайта жаңғыртылды.

Жалағаш ауданы Мырзабай (20,3 км) және Шәменов (11,5 км) е.м. құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, бөлінген қаржының игерілуі 95%.

Нәтижесінде 3 елді мекенде 49,1 шақырым су жүйесі жаңғыртылады.

- 16 жоба бойынша жаңа құрылысқа 2 147 млн.теңге (РБ-1 932 6841 мың.тг; ОБ -214 740 мың тг) бөлінді. Оның ішінде, 3 жоба ағымдағы жылы аяқталады.

Анықтама үшін:

Қазалы ауданы Басықара е.м. бойынша бөлінгені 116,8 млн.тг, қуаттылығы - 8,1 шақырым сервистік жүйе;

Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті бойынша бөлінгені 166,1 млн.тг, қуаттылығы - 17,2 шақырым су жүйесін салу;

Қызылорда қаласы Мерей мөлтек ауданында канализация жүйесін жаңғыртуға 300,3 млн.теңге, қуаттылығы 5,5 шақырым.

Қалған 13 жобаның ағымдағы жылы құрылысын бастауға 1 564 млн.теңге (РБ-1 407 756мың тг; ОБ-156 415 мың.тг) бөлінді. Нысандар 2019 жылға өтпелі. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 92 шақырым ауыз су, 2 шақырым кәріз жүйелері салынатын болады.

Электрмен жабдықтау бойынша

Облыстық бюджет есебінен 2 жоба бойынша бөлінген 650 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда  облыстық бюджет есебінен бөлінген 53,6 млн. теңгеге 5 жоба бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде, келісім-шарт бойынша аяқталу мерзімі ағымдағы жылғы қараша айына қаралған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ  «Жосалы» қосалқы станциясын қайта жаңғырту мақсатында "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасымен жүзеге асыруға жалпы сметалық құны 1,503 млрд.теңге құрайтын бюджеттік өтінім жолданды.

Шиелі  ауданындағы және Қызылорда қаласының шет аймақтардағы электр энергия желілерін модернизациялау бойынша: 10.04.2018 жылы «АСПМК-519» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар басталды.

Екінші лот (АСКУЭ, Скада) бойынша тендер а.ж. қыркүйек айында жарияланды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2018 жылдың I жарты жылдығы бойынша аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері)  газдандырылды. Осы елді мекендерде қазір 25 703 тұрғын үй болатын болса, соның 18 мыңнан астамы қазір көгілдір отын игілігін көріп отыр.    

Бүгінгі күнде аймақтағы қалған 3 аудан орталықтарын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жосалы кентіне арналған АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысына 2018 жылы республикалық бюджеттен 892 272 мың.теңге  облыстық бюджеттен 99 128 мың теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылысы  ағымдағы жылдың 18 мамырында аяқталды.

Сонымен бірге,  Жосалы кентіне кварталішілік газ құбырының құрылыс бастау үшін облыстық бюджеттен  100 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстарын шілде айларында бастау жоспарлануда.  Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария және Жалағаш аудандарына арналған АГТС орнату жобасына республикалық және облыстық бюджеттерден 2018 жылға 1,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, қазіргі таңда, 16 шақырым газ құбырлары салынды.

Сондай-ақ, «Тереңөзек – АГРС-тен Жалагаш – ГГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің құрылысы» жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 135 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын газдандыру құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 450 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде. Нысанды пайдалануға беру 2018 жылдың 2-ші жарты жылдығына жоспарлануда.

Сонымен бірге, «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз,Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру» жобалары бойынша 49,6 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні мердігер мекеме жобаны әзірлеуде.

Сондай-ақ, Шиелі кентінде индустриалды аймақты газдандыру құрылысына облыстық бюджеттен 90 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім-шарт жасалуда.

Оған қоса, 2019-2021 жылдарға 7 жобаны (Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен Жосалы, Жақсықылыш, Тереңөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 10 млрд.теңгеге Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігіне бюджеттік өтінімдер жолданды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Жосалы, Тереңөзек Жақсықылыш елді мекендерінің кварталішілік газ құбырларының құрылысына қаражат бөлуге қолдау білдіріп отыр.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы барлығы 5 денсаулық сақтау нысандарындағы жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға облыстық бюджеттен бөлінген 177,8 млн.теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде,

Қазалы ауданы, Қазалы кентіндегі перзентхананың қазандығын салу, газ отынына бейімдеу;

Байқоңыр Облыстық медицина орталығы филиалының жылу жүйелерін қайта жаңғырту;

Шиелі ауданындағы 2 денсаулықсақтау нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу;

Жаңақорған ауданы орталық ауруханасының қазандықтарын газ отынына бейімдеу.

6 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін бөлінген 18,0 млн. теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамасымен әзірленуде.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаға Ұлттық қордан 2,2 млрд.теңгеге бөлініп, қазіргі таңда нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2019 жылға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға 9 жобаны "Өңірлерді дамыту – 2020 жылға дейінгі" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Абаттандыру жұмыстары

Облыстық бюджеттен бөлінген 1198,444 млн. теңгеге Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін жарықтардыру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық жұмыстары жүргізілуде, Арал аудан орталығын, Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылын, Жаңақорған ауданы Сүтті құдық, Сунақата елді мекендерін абаттаныру жұмыстары жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытқа, Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 629 құрап отыр.

Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 3 көппәтерлі тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталықтары бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттер есебінен қаржы бөлу жұмыстарын нақтылау.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша

2018 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 3,0 млрд. теңге (2 978,1 млн. теңге) қаржы бөлінді. Оның ішінде, Қызылорда қаласының 8 сумен қамту және 5 суды бұру жобасына; Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін жаңғыртудың жобасы өтпелі (2019 жыл).

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, 12 жобаның мердігер мекемелері анықталды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1 жоба бойыша сот органдарының қарауында.

Аталған жобалар аяқталғанда 72,0 шақырым ауыз су жүйелері және 4,5 шақырым кәріз жүйелері қайта жаңғыртылатын болады.

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша

2018 жылы республикалық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарын

жалғастыруға 526 941 мың теңге (РБ-474 189 мың теңге, ОБ – 52 752 мың теңге) қаржы бөлінді. Жобада аясында 16,7 шақырым су желілері жаңғыртылатын болады.   

Қосымша республикалық және облыстық бюджеттен 16 жаңа жобалардың құрылыс жұмыстарына 2 147 421 мың теңге (РБ-1 932 681 мың теңге, ОБ-214 740 мың теңге) бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.    

Облыстық бюджет бойынша

2018 жылы Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің соқ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысына 350 000 мың теңге бөлінді.  Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен 109 583 мың теңге бөлінді (Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай). Байқоңыр қаласының сумен қамту және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту жобасына ТЭН әзірлеу үшін 39 625 мың теңге бөлінді. Жобалаушы мекемелер анықталып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тораңғылсай кен орнына іздеу-барлау жұмыстарына 70 000 мың теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме анықталды.

Субсидия төлеу

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жалпы 2,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Электрмен жабдықтау бойынша

- «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» бойынша 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 450 млн . тг. толығымен игерілді. Нысанды аяқтауға облыстық бюджеттен қаражат бөлінбеуінен ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ҚМЖ тоқтатылды. Оған қарамастан мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтауға қажетті барлық электр қондырғылары мен жабдықтары сатып алынған, нысан толығымен аяқталу кезеңінде.

- «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына сметалық құны 186,3 млн қаралған, 2018 жылы бөлінгені 50 млн теңге, толық қаржы бөлінбеуіне байланысты, құрылыс- монтаж жұмыстары уақытша тоқтатылды.

«Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай а/о 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және  қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі  35/10 кВ №22 ҚС-сын кеңейту және  қайта жаңғырту» жобаларының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Қазіргі таңда 5 жоба бойынша, атап айтқанда «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «ГМЗ» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Силикатная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Комсомол» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Залинейная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Промышленная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша конкурс жарияланып, нәтижесінде «Энергия» ҚазОЭЖҒЗІИ АҚ жобалаушы мекеме анықталып, ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарт бойынша аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың  қараша айы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асыруға «Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы стансасын кайта жаңғырту» жобасы бойынша бюджеттік өтінім жолданды.

«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС «Шиелі ауданының индустриалды аймағына электржелілерді жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құжаттар қаралуда, тиісті келісімдер алынуда.

Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен әріптестігі аясында:

Шиелі  ауданындағы және Қызылорда қаласының шет аймақтардағы электр энергия желілерін модернизациялау бойынша: 10.04.2018 жылы «АСПМК-519» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар басталды.

Екінші лот (АСКУЭ, Скада) бойынша тендерді а.ж. шілде айында жариялау жоспарлануда.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2018 жылдың I тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

2017 жылы «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының  газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, бүгінгі күнге жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылға облыстық бюджеттен «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру» жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджетен 103,3 млн. теңге қаржы бөлінді.  Қазіргі таңда, жобалаушы мекемемен жоба-сметалық құжаттама  әзірленуде.

Сонымен қатар, "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы" жобасын аяқтау мақсатында  2018 жылға  республикалық бюджеттен 892,2 млн теңге, облыстық бюджеттен 99,1 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2018 жылы облыстық бюджет есебінен «Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінің индустриалдық аумағын газдандыру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнде, мемлекеттік сатып алу конкурсі жүргізілуде.

2018 жылы жобаны жүзеге асыру үшін «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасына республикалық бюджеттен 1,1 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 60,6 млн.теңге қаржы бөлінді.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Тереңөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді-мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 16,4 млрд.теңгеге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінімдер  жолданды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Облыстық бюджеттен әлеуметтік сала нысандарының қолданыстағы қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін қайта жабдықтауға 251,471 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, 6 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін, жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 38,461 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге, 2 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес, жобалаушы мекемелермен келісім шарттар жасалуда. Қалған 4 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы барлығы 5 денсаулық сақтау нысандарындағы жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына – 213,010 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге, мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес 2 мердігер мекемемен келісім шарттар жасалуда. Қалған 3 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаға Ұлттық қордан 2,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы нәтижесіне сәйкес, мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалуда.

Сонымен қатар, 2018 жылға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға 3 ЖСҚ-ны "Нұрлы жол" бағдарламасымен жүзеге асыруға 2,046 млрд.теңге Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды.

Абаттандыру жұмыстары

Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін, Арал аудан орталығын, Жалағаш ауданы Таң ауылын абаттандыруға, жарықтардыруға және көгалдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 733, 8 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 629 құрап отыр.

Облыс бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін қайтарымды қаражат және аудандық бюджеттер есебінен қаржы бөлу жұмыстары нақтылануда.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша

2018 жылы 14 жобаға 3,0 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, құрылысы 2017 жылы басталған Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін жаңғыртудың өтпелі жобасына 1,4 млрд.теңге, Қызылорда қаласының 8 сумен қамту жобасына және 5 суды бұру жобасына 1,6 млрд.теңге.

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда, келісім шартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар аяқталғанда 72,4 шақырым ауыз су жүйелері және 4,5 шақырым кәріз жүйелері қайта жаңғыртылатын болады. Нәтижесінде 23 804 адам ауыз сумен қамтылатын болады.

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша

2018 жылы республикалық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 526,9 млн.теңге (РБ-474,2 млн.теңге, ОБ – 52,7 млн.теңге) қаржы бөлінді. Жобада аясында 16,7 шақырым су желілері жаңғыртылатын болады.          

Облыстық бюджет бойынша

2018 жылы Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің соқ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысына 300 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен 109,6 млн.теңге бөлінді (Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай). Байқоңыр қаласының сумен қамту және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту жобасына ТЭН әзірлеу үшін 39,6 млн.теңге бөлінді. Жобалаушы мекемелер анықталып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тораңғылсай кен орнына іздеу-барлау жұмыстарына 70,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Субсидия төлеу

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жалпы 2,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Электрмен жабдықтау бойынша

Облыстық бюджет есебінен 2 жоба бойынша бөлінген 450 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Оған қоса, облыстық бюджет есебінен бөлінген 3,96 млн. теңгеге 2 жоба бойынша  жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытыныдысы алынды, 1 жоба бойынша - сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда  облыстық бюджет есебінен бөлінген 53,6 млн. теңгеге 5 жоба бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ  «Жосалы» қосалқы станциясын қайта жаңғырту мақсатында "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасымен жүзеге асыруға жалпы сметалық құны 1,503 млрд.теңге құрайтын бюджеттік өтінім жолданды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша аналитикалық ақпарат

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері)  газдандырылды. Осы елді мекендерде қазір 25 703 тұрғын үй болатын болса, соның 16 мыңнан астамы қазір көгілдір отын игілігін көріп отыр.    

«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының  газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге, мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сондай-ақ 2017 жылға облыстық бюджеттен «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 103,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша мердігер мекемемен келісім-шарт жасалуда.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына 2017 жылға  облыстық бюджеттен бөлінген 12,8 млн. теңге қаржыға  0,3 шақырым жоғары қысымды газ құбырлары салынды.

Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру  үшін 317,7 млн. теңге қаржы қаралып, 31,3 шақырым газ құбыры жүргізілді. Нысанның құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Белкөл ауылдық округі бойынша  шамамен 882 үй (3529 адам) табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға  республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша 14,8 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, 2017 жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен атқарылды.

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен «Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және 3 әлеуметтік нысандарын газдандыру» бойынша шкафтық газ тарату пункттері мен газ құбырларын төлқұжаттандыру және тіркеуге 4,1 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда төлқұжаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік меншіктен коммуналдық меншікке өткізу жұмыстары жөнінде Қызылорда облысының қаржы басқармасына ұсыныс берілді.

Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 16,4 млрд.теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер  жолданды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

2017жыл

Облыстық бюджеттен 445,417 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 64,684 млн.теңге бөлініп, жобалау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, 8 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, қалған 1 жоба сараптаманың қарауында.

Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 52,311 млн.теңгеге бөлініп, жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.

Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы 19 әлеуметтік нысандарының    36 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына – 171,792 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, бүгінгі күнге газ отынын пайдалануда.

Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына – 156,630 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда, аталған нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, газ отынына бейімделді.

2018 жылға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға 8 ЖСҚ-ны "Нұрлы жол" бағдарламасымен жүзеге асыруға 2,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Абаттандыру жұмыстары

Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін, Арал аудан орталығын, Қазалы ауданының елді мекендерін, Жалағаш ауданы Таң ауылын абаттандыруға, жарықтардыруға және көгалдандыру жұмыстарына – 1,7 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы (06.02.2017 жылғы №10-05/797) тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 10 үй жөндеуге 50,9 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласы бойынша қайтарымды қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі №109 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

2016-2017 жылдары облыс бойынша «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» және облыстық бюджеттен сумен қамту және суды бұру жүйелерін жаңғыртудың 55 жобаға барлығы 13 634,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 12 281,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 1 353,8 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша игерілуі барлығы 11 854,6 млн. теңге немесе 96 пайыз (үнемделген қаржы барлығы 1 241,0 млн. теңге). Оның ішінде, бағдарламалар бойынша:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша

2016 жылы 5 жобаның (Қармақшы ауданы- 2 жоба, Арал ауданы - 1 жоба, Қазалы ауданы - 1 жоба, Қызылорда қаласы 1 жоба) құрылыс жұмыстарына 5 723,8 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, 682,4 млн. теңге үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды. Бүгінгі күнге 5 041,4 млн. теңге міндеттемеден игерілгені 4 872,2 млн.теңге немесе 97 пайыз. Жобалардағы 374,0 шақырым желілерден жаңартылғаны  362,8 шақырым.

Оның ішінде, 3 жобаның (Қызылорда қаласында - 1 жоба, Қармақшы ауданында - 2 жоба) жұмыстары аяқталып, актімен қабылданды. Нәтижесінде, Қызылорда қаласында 15,4 шақырым, Жосалы кентінде 74,3 шақырым су жүйелері жаңғыртылды және 5,0 мың текше метрлік 2 дана таза су резервуары салынды.

Қалған 2 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Атап айтсақ, Арал ауданы Сексеуіл кенті бойынша игерілгені 1 274,0 млн. теңге немесе 96 пайыз, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті бойынша игерілгені 1 750,5 млн. теңге немесе 94 пайыз. Қаржының толық игерілмеуі - мердігер мекеме "КА Строй ЛТД" ЖШС-нің келісім шартта көзделген мерзімде (2017 жылдың желтоқсаны) құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтамауынан болды.

2017 жылы 36 жобаны (Арал ауданы - 6 жоба, Қармақшы ауданы- 2 жоба, Жаңақорған ауданы- 1 жоба, Қызылорда қаласы -27 жоба) іске асыруға 5 787, 0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, 403,5 млн. теңге үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды. Бүгінгі күнге, 5 383,5 млн. теңге міндеттемеден игерілгені 5 013,4 млн.теңге немесе 93 пайыз. Жобаларда қаралған 271,5 шақырымнан 262,9 шақырымы жаңартылды және 32 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, актімен қабылданды, қалған 3 жобаның жұмыстары жалғасуда (Конту станциясы, Аманөткел, Шижаға елді мекендері) 2018 жылдың қаңтар айында аяқталуы жоспарлануда (мердігер тарапынан келісім шарт мерзімі ұсталмаған) және 1 жоба (Жаңақорған) өтпелі, 2019 жылы аяқталады.

«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша

2017 жылы республикалық бюджеттен 5 жобаның (Сырдария ауданы Шаған, Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарына 855,8 млн.теңге (РБ-770,3 млн. теңге, ОБ -  85,5 млн. теңге) қаржы бөлініп, 828,1 млн. теңге игерілді және үнемделген 27,7 млн. теңге бюджетке қайтарылды. Жобада қаралған 71,7 шақырым су желілері жаңғыртылды.

Анықтама  ретінде.

Жалағаш ауданы Қаракеткен, Сырдария ауданы Шаған елді мекеніндегі жұмыстар аяқталып актімен қабылданды. Жалағаш ауданы Шәменов, Мырзабай ахун, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекендері бойынша ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды, аталған нысандар өтпелі, аяқталуы 2018 жыл. 

Облыстық бюджеттен 2017 жылы 9 жобаға 1 268,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, Қармақшы ауданында - 4 жоба (Алдашбай ахун, Қуандария, Қармақшы, Көмекбаев), Сырдария ауданында - 2 жоба (Шіркейлі, Н. Ілиясов), Қызылорда қаласында - 3 жоба (Титов қыстағы, Арай-2 м/а, Сырдария өзенінің сол жағалауы), игерілгені 1 140,9 млн. теңге, үнемделген 127,4 млн. теңге бюджетке қайтарылды.

Жобаларда қаралған 80,3 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылды және 8 жоба аяқталып, пайдалануға берілді, 1 жоба (Сырдария өзенінің сол жағалауы) өтпелі аяқталуы 2018 жыл.

Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен  122,8 млн. теңге бөлінді (Шиелі ауданы Бірлестік, 1 Май, Тартоғай, Сұлутөбе, Тақыркөл). Қазіргі таңда, 2 жоба аяқталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, қалған 3 жобаның жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Субсидия төлеу 

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жалпы 2 712,9 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен 2 696,3 млн.теңге, республикалық бюджеттен 16,595 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

 Нәтижесінде 339 151 тұрғыны бар 171 ауылдық елді мекенге 6 655,0 мың текше метр су берілді.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша

«Қызылорда су жүйесі» МКК сенімді басқаруға беру жобасы бойынша облыстық бюджеттен 2017 жылға 2,4 млн.теңге бөлінді. Концепция әзірленді, салалық қорытынды алынды және экономикалық қорытындыны алу жұмыстары жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау бойынша

2014 жылы

Республикалық бюджет есебінен 3 жобаға 186,342 млн.теңгеге бөлініп, 62,21 шақырым электр желісі жүргізілді.

2015 жыл

Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға 108,878 млн.теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл

Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген 1 306,765 млн. теңгеге 3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

2017 жыл

Облыстық бюджет есебінен бөлінген 37,6 млн. теңгеге «Жаңақорған ауданы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, қабылдау актісі ресімделді.

Облыстық бюджет есебінен бөлінген 82,167 млн.теңгеге Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасының құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып  нысан қабылдау актісімен ресімделді.

Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» Жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге 2017 жылы облыстық бюджеттен 700 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «ҚЭТТК» АҚ жеңімпаз болып анықталды, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары  бекітілген кестеге сай жүргізілуде, жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыс көлемі:

Қуаттылығы 2х16 МВА 35/10 кВ «Новая-1» қосалқы стансасының құрылысы.

2017 жылы жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс орталығында тұрғындардың өз бетімен салынған электр желілерінің орнына жаңадан электр желілер мен қосалқы станциялар орнату құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаржыға электрэнергиясының сыраптары 25 пайызды құрап отырған   Қызылжарма елді мекеніндегі Қарабалаев, Меңлібаев, Уәлиханов, Махамбетов, Сексенбаев  және т.б. көшелерін, сондай ақ Қоркыт-ата-5, Қоркыт-ата-10, Қоркыт-ата-13, Ақшабулак көшелерінің электр желілерін құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары іске асырылуда.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2017 жылдың 9 айындағы аналитикалық ақпарат

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының  газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін  2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сондай-ақ 2017 жылға облыстық бюджеттен «Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз,Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 103,3 млн. теңге қаржы бөлінді.  Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мердігер мекемені анықтау үшін конкурстық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда,  аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС – нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру  үшін 378,8  млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні құрылыс монтаж жұмыстары басталып, 20 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Нысанды пайлануға беру мерзімі 2017 жылдың қараша  айы.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын  жүргізу үшін 2017 жылға  республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 16,4 млрд.теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер  жолданды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Облыстық бюджеттен 533,341 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 87,416 млн.теңгеге жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 101,675 млн.теңгеге, жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда.

Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарының    36 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына – 181,144 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына – 175,471 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда, аталған нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.

Абаттандыру жұмыстары бойынша

Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін, Арал аудан орталығын, Қазалы ауданының елді мекендерін, Жалағаш ауданы Таң ауылын абаттандыруға, жарықтардыруға және көгалдандыру жұмыстарына – 1 481,8 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы (06.02.2017 жылғы №10-05/797) тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 10 үй жөндеуге 50,9 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша қайтарымды қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі №109 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

2016-2017 жылдары облыс бойынша "Нұрлы жол", "Өңірлерді дамыту" және облыстық бюджеттен сумен қамту және суды бұру жүйелерін жаңғыртудың 53 жобаға барлығы 13 182,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 12 281,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 901,1 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша игерілуі барлығы 7 371,4 млн. теңге немесе 56 пайыз.

Оның ішінде: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 5 жобаның (Қармақшы ауданы- 2 жоба, Арал ауданы - 1 жоба, Қазалы ауданы - 1 жоба, Қызылорда қаласы 1 жоба) құрылыс жұмыстарына  5 723,8 млн. теңге бөлініп, игерілгені 4 044,2 млн. теңге немесе 71 пайыз. Жобалардағы 385,6 шақырым желілерден жаңартылғаны 302 шақырым.

Оның ішінде, Қызылорда қаласы бойынша 1 жоба, Қармақшы ауданында 1 жобаның жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. Нәтижесінде Қызылорда қаласында 15,4 шақырым су жүйелері жаңғыртылды, Жосалы кентінде 5,0 мың текше метрлік таза су резервуары салынды.

Қалған 3 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі - а.ж. желтоқсан айы.

2017 жылы 36 жобаны (Арал ауданы - 6 жоба, Қармақшы ауданы- 2 жоба, Жаңақорған ауданы- 1 жоба, Қызылорда қаласы -27 жоба) іске асыруға 5 787, 0 млн. теңге бөлініп, игерілгені 1 864,1 млн. теңге немесе 32 пайыз. Жобаларда қаралған  271,5 шақырымнан 57,6 шақырымы жаңартылды.   Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда, 35 жоба жұмыстарының аяқталу мерзімі - а.ж. желтоқсан айы, 1 жоба (Жаңақорған) өтпелі, 2018 жылы аяқталады.

«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 5 жобаның (Сырдария ауданы Шаған, Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарына 855,8 млн.теңге (РБ-770,3 млн. теңге, ОБ - 85,5 млн. теңге) қаржы бөлінді.

Есепті кезеңде 827,1 млн.теңге игерілді немесе 97 пайыз. Жоспарланған 71,7 шақырымнан 69,4 шақырымы жаңғыртылды.

Анықтама  ретінде.

Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекеніндегі жұмыстар аяқталып актімен қабылданды,  Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері бойынша ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды, аталған нысандар өтпелі, аяқталуы 2018 жыл. Сырдария ауданы бойынша құрылыс жұмыстары жүруде.

Облыстық бюджеттен 2017 жылы 7 жобаға 815,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, Қармақшы ауданында - 4 жоба (Алдашбай ахун, Қуандария, Қармақшы, Көмекбаев), Сырдария ауданында - 2 жоба (Шіркейлі, Н. Ілиясов), Қызылорда қаласында - 1 жоба (Титов қыстағы), игерілгені 636,0 млн.теңге немесе 78 пайыз.

 Қармақшы ауданы бойынша барлық нысандар және Сырдария ауданы  Н. Ілиясов елді мекенінде жұмыстар аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. Шіркейлі елді мекені бойынша жұмыстар жалғасуда, аяқталу мерзімі қазан айы. Жоспарланған 63,9 шақырым ауыз су жүйелерінің 63 шақырымы жаңғыртылды.

«Индустриялды аймақты сумен жабдықтау және су тартуды қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысының Титов кентінде жер асты суын қуат көздерінен бас тоған құрылысын және сорғы станциясының канализациялық желілерін салу» жобасы бойынша 443,8 мың теңге қаржы бөлініп, 293,7 млн.теңгесі игерілді немесе 66 пайыз. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде, аяқталу мерзімі - а.ж. желтоқсан айы.

Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен 122,8 млн. теңге бөлінді (Шиелі ауданы Бірлестік, 1 Май, Тартоғай, Сұлутөбе, Тақыркөл). Қазіргі таңда жобалаушы мекемелер анықталып, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласы "Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы сумен жабдықтау және кәріз желісінің 1 сатысындағы бірінші кезеңнің құрылысы" бойынша жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін 122,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Осы жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізуге 300,0 млн. теңге және "Арай-2" мөлтек ауданына 152,3 млн. тенге қаржы бөлініп, мердігерлерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Субсидиялау бойынша

Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша облыстық бюджеттен 1 855,0 млн. теңге бөлініп,  100 пайыз игерілді.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша

"Қызылорда су жүйесі" МКК сенімді басқаруға беру жобасы бойынша облыстық бюджеттен 3,3 млн.теңге бөлініп, облыстық аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығымен келісім жасалып, қазіргі кезеңде тиісті құжаттары әзірленуде.

Электрмен жабдықтау бойынша

2014 жылы Республикалық бюджет есебінен 3 жобаға 186,342 млн. теңгеге бөлініп, 62,21 шақырым электр желісі жүргізілді.

2015 жыл Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға 108,878 млн. теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген 1 306,765 млн. теңгеге 3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

2017 жыл Облыстық бюджет есебінен бөлінген 37,6 млн. теңгеге «Жаңақорған ауданы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, қабылдау актісі ресімделді

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» Жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 900 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «ҚЭТТҚ» АҚ жеңімпаз болып анықталды,  қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары  жүргізілуде.

2017 жылы жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс орталығында тұрғындардың өз бетімен салынған электр желілерінің орнына жаңадан электр желілері мен қосалқы станциялар орнату құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталу жоспарлануда.

 «Қызылорда облысы Сырдарья ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн. теңге  бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «ҚЭТТҚ» АҚ жеңімпаз болып анықталды, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2017 жылдың I жарты жылдығы бойынша аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының  газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін  2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры)» құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда-2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру  үшін 378,8  млн. теңге қаржы қаралды.

Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын  жүргізу үшін 2017 жылға  республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып конкурсы өткізілуде. Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 11,7 млрд.теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер  жолданды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 649,128 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге – 87,416 млн.теңге, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге – 101,675 млн.теңге бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту үшін (Еуропалық қайта құру және даму Банкі арқылы жүзеге асырылатын жобаларды қоса қаржыландыру) 115,787 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарының  32 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына – 168,779 млн. теңге бөлініп, Қазіргі таңда, Жаңақорған және Қазалы ауданының 7 нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Арал және Қазалы ауданының нысандары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына – 175,471 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурстық жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға  8 жоба сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге Қазақстан Республикасының индустрилық даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Абаттандыру жұмыстары бойынша

Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін, Арал ауданы орталығын, Қазалы ауданының елді мекендерін, Жалағаш ауданы Таң ауылын абаттандыруға, жарықтардыруға және көгалдандыру жұмыстарына – 768,701 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру" жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепциясын құжаттамаларымен әзірлеуге – 15, 897 млн. теңге бөлінді.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына (06.02.2017 жылғы №10-05/797) сәйкес аудандық бюджеттерден 15 үй жөндеуге 75,1 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, тұрғындармен келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі №62 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының іске асырылуы бойынша

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 5 жоба ұсынылып, 770,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Сырдария ауданы бойынша  2 жоба және Жалағаш ауданы бойынша 3 жоба. Облыстық бюджеттен 6 жобаға 371,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 4 жоба, Сырдария ауданы бойынша 2 жоба.

Электрмен жабдықтау

Облыстық бюджет есебінен бөлінген 37,6 млн. теңгеге «Жаңақорған ауданы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, кабылдау актісімен ресімделді. Нәтижесінде ағымдағы жылы Қызылорда облысы Жанақорған ауданындағы қыш, ұсақ тас және темірбетон зауыты тұрақты электрмен жабдықталды.

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту,  1 кезеңі» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 900 млн.теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Қызылорда облысы Сырдарья ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн. теңге  бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі  35/10 кВ №22 ҚС-сын кеңейту және  қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай а/о 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және  қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту» жобаларының ЖСҚ әзірлеу үшін жобалаушылармен жобалау жұмыстары жүргізілуде.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2017 жылдың I тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының  газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін,  2017 жылы облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру  үшін,  облыстық бюджеттен 378,8  млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалуда.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын  жүргізу үшін 2017 жылға  республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып конкурсы өткізілуде.

Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 13,5  млрд.теңгеге ҚР Энергетика  министрлігіне бюджеттік өтінімдер  жолданды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша

Облыстық бюджеттен 612,481 млн.тг бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге – 87,416 млн.теңге, Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту (ЕБРР) (қоса қаржыландыру) – 115,787 млн.теңге, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге – 101,675 млн.теңге, Қызылорда қаласының елді-мекендерін абаттандыруға – 155,970 млн. теңге, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарыдың жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға – 135,736 млн. теңге, "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру" жобасы бойынша МЖӘ концепциясын құжаттамаларымен әзірлеуге – 15, 897 млн. теңге.

Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу саласы бойынша

Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына (06.02.2017 жылғы №10-05/797) сәйкес аудандық бюджеттерден (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі) 12 үй жөндеуге 59,7 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 4 үй жөндеу жоспарлануда. Сырдария және Жаңақорған аудандары бойынша қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 5 жоба ұсынылып, 770,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Сырдария ауданы бойынша 2 жоба және Жалағаш ауданы бойынша 3 жоба. Облыстық бюджеттен 6 жобаға 371,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 4 жоба, Сырдария ауданы бойынша 2 жоба.

Электрмен жабдықтау

2014 жылы

Республикалық бюджет есебінен 3 жобаға 186,342 млн. теңгеге бөлініп,62,21 шақырым электр желісі жүргізілді.

2015 жыл

Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға 108,878 млн. теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл

Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген 1 306,765 млн. теңгеге 3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

2017 жыл

Облыстық бюджет есебінен бөлінген 37,6 млн. теңгеге «Жаңақорған ауданы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2016 жылдың IV тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

2014-2015 жылдары Тасбөгет және Қызылжарма кенттері табиғи газбен қамтамасыз етілді. Биыл Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысанды  газдандыру жобасы жүзеге асырылып, 31 шақырымдық газ құбыры тартылды. Талсуат ауылдық округі бойынша шамамен 500 үй (1885 адам) табиғи газбен қамтамасыз етілді.                 

2016 жылы:

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 535,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында 14,7 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Нысанды пайдалануға қабылданды.

 Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысандарын газдандыру үшін  271,2 млн. теңге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінгі күнде 31,1 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Нысан желтоқсан айында пайдалануға берілді.

2017 жылы қалаға қарасты  Белкөл кентін газдандыруға қаржы бөлініп, көктемде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2017 жылға 10 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай АГТС-терінің құрылысы мен Ақай, Төретам, Сексеуіл, Қамыстыбас, Жалағаш, Белкөл елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 10, 6 млрд. теңгеге ҚР Ұлттық экономика және Энергетика министрліктеріне бюджеттік өтінімдер  жолданды.

Электрмен жабдықтау бойынша

2014 жылы

Республикалық бюджет есебінен 3 жобаға 186,342 млн. теңгеге бөлініп,2,21 шақырым электр желісі жүргізілді.

2015 жыл

Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға 108,878 млн. теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл

Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген 1 306,765 млн. теңгеге  3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

2017 жыл

Облыстық бюджет есебінен бөлінген 37,6 млн. теңгеге «Жаңақорған ауданы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау.

Жылумен жабдықтау

2014 жыл

Жылумен қамту саласына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 1 037,3 млн. теңге бөлініп (оның ішінде, РБ - 736,662 млн.тг, ОБ - 300,6 млн.тг), нәтижесінде 4,9 шақырым жылу құбырлары, 4 қазандық жаңғыртылып, қосалқы қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізілді.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жылу құбырларының тозуы  2013 жылғы 59 %-дан 2014 жылы 55%-ға төмендеді.

2015 жыл

Жылумен қамту саласына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 3 355,0 млн. теңге бөлініп (РБ - 3 073,4 млн. тг, ОБ - 281,6 млн.тг), нәтижесінде 11,9 шақырым жылу құбырлары, 5 қазандық, 2 сорғыш станциялары жаңғыртылып, 1 жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамасымен, 1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.

Жаңғырту нәтижесінде жылу құбырларының тозуы  2014 жылғы 55 %-дан 2015 жылы 48%-ға төмендеді.

2016 жыл

Барлық көздерден 5058,7 млн.тг бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 997,176 млн.тг (Нұрлы жол), ЕБРР бойынша 4,0 млн АҚШ доллары (курсы 250 тг есептегенде 1,0 млрд.тг), РБ-тен 1562,8 млн.тг, ОБ-тен 154,269 млн.тг, мазут сатып алуға -1183,6 млн.тг;  ТЭН, ЖСҚ әзірлеуге 164,9 млн.тг.

Нәтижесінде жылу желілерінің тозуын 43,9 пайызға төмендеді.

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздемені аяқтауға 80,421 млн теңге бөлініп, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қорытындысы (№01-0287/16, 07.07.2016 ж.) алынды.

Сумен қамтамасыз ету бойынша

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2015 жылға жалпы 6205,6 млн.теңге қаржы бөлінді, (оның ішінде республикалық бюджеттен 6 016,4 млн. теңге және облыстық бюджеттен 189,2 млн. теңге қаржы бөлінді). Бұл қаржыға 14 өтпелі нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, қорытындысында 4485 дана су есептегіш құралдары орнатылып, 572 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасымен 2016 жылы Сумен қамту бойынша 5 жобаға 5,7 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті және Арал ауданы Сексеуіл кентіне 3,7 млрд. теңге бөлініп, мердігер «Ка-строй» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстары басталды. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 жобасына 659,1 млн. теңге бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен конкурс жарияланып, мердігер «Сәт сервис»» ЖШС, «РЗА» АҚ жеңімпаз атанды. Қызылорда қаласы бойынша 1,275 млрд. теңге бөлініп қала әкімдігі арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп «Мелиоратор» ЖШС жеңімпаз атанды. «Нұрлы жол» бағдарламасымен атқарылатын жұмыстардың аяқталу мерзімі  2017 жылдың қараша айына жоспарланған. Жыл аяғында 5 жоба бойынша 35 км су құбыры жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2016 жылдың III тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

Қызылорда облысының аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2016 жылы:

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін 2016 жылға  республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ облыстық бюджеттен Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысандарын газдандыру үшін 271,2 млн. теңге қаржы қаралды.  Қазіргі таңда  ауылдық округ бойынша 22,7 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде. Нысанды пайдалануға берілу мерзімі 2016 жылдың желтоқсан айы.

Сонымен қатар, облыстың қалған 3 аудан орталықтарын   (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру  мақсатында тиісті  министрліктерге бюджеттік өтінімдер жолданып, қаржы қарастыру  жұмыстары жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау бойынша

2015 жыл

Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға 108,878 млн. теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл

Республикалық және облыстық бюджет есебінен 3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауға 1 306,765 млн. теңгеге бөлінді.

Жылумен жабдықтау

2014 жыл

Жылумен қамту саласына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 1 037,3 млн. теңге бөлініп (оның ішінде, РБ - 736,662 млн.тг, ОБ - 300,6 млн.тг), нәтижесінде 4,9 шақырым жылу құбырлары, 4 қазандық жаңғыртылып, қосалқы қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізілді.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жылу құбырларының тозуы  2013 жылғы 59 %-дан 2014 жылы 55%-ға төмендеді.

2015 жыл

Жылумен қамту саласына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 3 355,0 млн. теңге бөлініп (РБ - 3 073,4 млн. тг, ОБ - 281,6 млн.тг), нәтижесінде 11,9 шақырым жылу құбырлары, 5 қазандық, 2 сорғыш станциялары жаңғыртылып, 1 жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамасымен, 1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.

Жаңғырту нәтижесінде жылу құбырларының тозуы  2014 жылғы 55 %-дан 2015 жылы 48%-ға төмендеді.

2016 жыл

Барлық көздерден 1 503,6 млн.тг бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 997,176 млн.тг (Нұрлы жол), ЕБРР бойынша 750 мың АҚШ доллары (187,5 млн.тг), ОБ-тен 154,269 млн.тг,  ТЭН, ЖСҚ әзірлеуге 164,67 млн.тг.

Нәтижесінде жылу желілерінің тозуын 43,9 пайызға төмендеу жоспарлануда.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

2014 жыл

Республикалық бюджеттен 1 814,255 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 81 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 70,1% дан 62,7%-ға азайды.

2015 жыл

Республикалық бюджеттен 353,6 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 35 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 62,7% дан 59,2%-ға азайды.

2016 жыл

Республикалық бюджеттің оңтайландырылуынан 2016 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қайтарымды 48,16 млн.теңге қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында  4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге  бөлінді. Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүруде.

Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 59,2% дан 55,5%-ға азайды.

Сумен қамтамасыз ету бойынша

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2015 жылға жалпы 6205,6 млн.теңге қаржы бөлінді, (оның ішінде республикалық бюджеттен 6 016,4 млн. теңге және облыстық бюджеттен 189,2 млн. теңге қаржы бөлінді). Бұл қаржыға 14 өтпелі нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, қорытындысында 4485 дана су есептегіш құралдары орнатылып, 572 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 2 жобаға 3,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін жаңғырту жобасы. Сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін жаңғырту кеңейту жобасы. Сметалық құны 2,4 млрд.теңге. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурс жұмыстары жүргізілуде.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2016 жылдың II тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

Газдандыру саласы бойынша

Қызылорда облысының аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

2015 жылы:

Облыстық бюджеттен  2 жоба-сметалық құжаттама Тереңөзек   кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрыпының құрылысы және   Шыны зауытын газдандыру)  және 1 техникалық негіздеме (Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы)  әзірлеу үшін қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік-сараптама қорытындысы алынды.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 1300 шақырым газ құбыры, 5 АГТС, 13 ГРП және 174 ШРП құрылысын салу жоспарланып, қазіргі таңда, 4 (Арал қаласы, Айтек би, Жаңақорған Шиелі кенттері) аудан орталықтарының автоматтандырылған газ тарату стансалары мен квартал ішілік газ құбырларының құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен нысандар пайдалануға қабылданды.

-2014 жылы облысты табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызды құраса, 2015 жылы облыстың 63 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етіліп, шамамен облыстың 426 мың тұрғыны ілеспе газдың игілін алуға  мүмкіндік алды.

2016 жылы:

Облыстық бюджеттен  6 жоба-сметалық құжаттама (Ақсуат, Ақеспе, Қамыстыбас, Шоқай, Бесарық елді мекендеріндегі АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрыпының құрылысы және Жақсықылыш кентін газдандыру) әзірлеу үшін қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік-сараптама қорытындысы алынды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін 2016 жылға  Ұлттық қордан  1,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Сондай-ақ облыстық бюджеттен Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысандарын газдандыру үшін  271,2 млн теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 11,7 млрд. теңге инвестициялық бағдарламасы арқылы облыстың қалған 3 аудан орталықтары (Жосалы, Тереңөзек, Жалағаш) және Қызылорда қаласындағы газдандырылмай қалған тұрғын үйлер (белые пятна) газдандыру жоспарлануда.

Электрмен жабдықтау

2014 жылы

Республикалық бюджет есебінен 3 жобаға жалпы құны 186,342 млн. теңгеге бөлініп, 62,21 шақырым электр желісі жүргізілді.

2015 жыл

Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға жалпы құны 108,878 млн. теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл

Республикалық және облыстық бюджет есебінен 3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауға жалпы құны 1 306,765 млн. теңгеге бөлінді.

Сумен қамтамасыз ету

Ауыз су саласы бойынша 2015 жылға жалпы 6205,6 млн.теңге қаржы бөлінді, (оның ішінде республикалық бюджеттен 6 016,4 млн. теңге және облыстық бюджеттен 189,2 млн. теңге қаржы бөлінді). Бұл қаржыға 14 өтпелі нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, қорытындысында 4485 дана су есептегіш құралдары орнатылып, 572 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 2 жобаға 3,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін жаңғырту жобасы. Сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін жаңғырту кеңейту жобасы. Сметалық құны 2,4 млрд.теңге. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурс жұмыстары жүргізілуде.

Жылумен жабдықтау

2014 жыл

Жылумен қамту саласына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 1 037,3 млн. теңге бөлініп (оның ішінде, РБ - 736,662 млн.тг, ОБ - 300,6 млн.тг), нәтижесінде 4,9 шақырым жылу құбырлары, 4 қазандық жаңғыртылып, қосалқы қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізілді.

 Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жылу құбырларының тозуы  2013 жылғы 59 %-дан 2014 жылы 55%-ға төмендеді.

2015 жыл

Жылумен қамту саласына республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 3 355,0 млн. теңге бөлініп (РБ - 3 073,4 млн. тг, ОБ - 281,6 млн.тг), нәтижесінде 11,9 шақырым жылу құбырлары, 5 қазандық, 2 сорғыш станциялары жаңғыртылып, 1 жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамасымен, 1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.

Жаңғырту нәтижесінде жылу құбырларының тозуы  2014 жылғы 55 %-дан 2015 жылы 48%-ға төмендеді.

2016 жыл

Барлық көздерден 1 503,6 млн.тг бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 997,176 млн.тг (Нұрлы жол), ЕБРР бойынша 750 мың АҚШ доллары (187,5 млн.тг), ОБ-тен 154,269 млн.тг,  ТЭН, ЖСҚ әзірлеуге 164,67 млн.тг.

Нәтижесінде жылу желілерінің тозуын 46 пайызға төмендеу жоспарлануда.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

2014 жыл

Республикалық бюджеттен 1 814,255 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 81 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 70,1% дан 62,7%-ға азайды.

2015 жыл

Республикалық бюджеттен 353,6 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 35 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 62,7% дан 59,2%-ға азайды.

2016 жыл

Республикалық бюджеттің оңтайландырылуынан 2016 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қайтарымды 48,16 млн.теңге қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында 4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге  бөлінді, келісім шарт жасау жұмыстары жүруде.

Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 59,2% дан 58,2%-ға азайды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2016 жылдың I тоқсанындағы аналитикалық ақпарат

Электрмен жабдықтау

2014 жылы

Республикалық бюджет есебінен 3 жобаға жалпы құны 186,342 млн. теңгеге бөлініп, 62,21 шақырым электр желісі жүргізілді.

2015 жыл

Облыстық бюджет есебінен 1 жобаға жалпы құны 108,878 млн. теңгеге бөлініп, 25 шақырым электр желісі жүргізілді.

2016 жыл

Республикалық және облыстық бюджет есебінен 3 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауға жалпы құны 1 306,765 млн. теңгеге бөлінді.

 Газбен қамтамасыз ету

Қызылорда облысының аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

Аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін 2015 жылы:

Облыстық бюджеттен  8 жоба-сметалық құжаттама (Ақсуат, Ақеспе, Қамыстыбас, Тереңөзек ,Шоқай, Бесарық елді мекендерінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрыпының құрылысы және Жақсықылыш кенті мен  Шыны зауытын газдандыру)  және 1 техникалық негіздеме (Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы)  әзірлеу үшін 430,5 млн теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттамалар әзірленді.

2016 жылы:

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін 2016 жылға  республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ облыстық бюджеттен Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысандарын газдандыру үшін  271,2 млн теңге қаржы қаралды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 10,7 млрд. теңге инвестициялық бағдарламасы арқылы облыстың қалған 3 аудан орталықтары (Жосалы, Тереңөзек, Жалағаш) және Қызылорда қаласындағы газдандырылмай қалған тұрғын үйлер (белые пятна) газдандыру жоспарлануда.

Сумен қамтамасыз ету                                                                                                                                                                    

"2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту" бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2015 жылға жалпы 6205,6 млн.теңге қаржы бөлінді, (оның ішінде республикалық бюджеттен 6 016,4 млн. теңге және облыстық бюджеттен 189,2 млн. теңге қаржы бөлінді). Бұл қаржыға 14 өтпелі нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, қорытындысында 4485 дана су есептегіш құралдары орнатылып, 572 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.

Нұрлы жол бағдарламасымен республикалық бюджеттен қаржыландыруға 3,8 млрд. теңге болатын  2 жоба ұсынылып, қолдау тапты. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасының сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасының сметалық құны 2,4 млрд.теңге.

Жылумен қамтамасыз ету

2014 жыл

2013-2014 жылдары «Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің  жылу жүйесін кеңейту» жобасы бойынша жалпы құны 1,015 млрд. теңге бөліп, 5,44 шақырым жылу желілері кеңейтілді.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен әлеуметтік нысандар мен жылу өндіру нысандарының арнайы қондырғыларын жөндеуден өткізуге 312 млн. бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Нәтежиесінде жылу желілерінің тозуы 62 пайызға, жылу көздерінің тозуы 47 пайызға төмендеді.

2015 жыл

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 14 жобаға 3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 65,1 млн. теңге бөлініп,11,9 шақырым жылу желілері жаңғыртылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар мен жылу өндіру нысандарының арнайы қондырғыларын жөндеуден өткізуге 183,5 млн. бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Нәтежиесінде жылу желілерінің тозуы 48 пайызға, жылу көздерінің тозуы 45 пайызға төмендеді.

2016 жыл

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жоба бойынша Ұлттық қордан 997,1 млн. теңге Нәтежиесінде жылу желілерінің тозуын 46 пайызға төмендеу жоспарлануда.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

2014 жыл

Республикалық бюджеттен 1 814,255 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 81 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 70,1% дан 62,7%-ға азайды.

2015 жыл

Республикалық бюджеттен 353,6 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 35 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 62,7% дан 59,2%-ға азайды.

2016 жыл

2016 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Осыған орай, қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 3 үй күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 14-10-2019 12:10

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика