|
Усаин Медет |
---|---|
Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы | |
Қызылорда облысы әкімінің 23.12.2016 жылғы №454-ө өкімімен тағайындалды.
Алдында осы лауазымда қызмет атқарған кісі: Әбдіхалықов Ержан Қыпшақпайұлы
|
|
Сұрақ қою |
Функционалдық міндеттері
Усаин Медет 1987 жылы 8 қаңтар күні Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1993 жылы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданды. 2004 жылы аталған мектепті ойдағыдай бітіріп, Алматы қаласындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы аталған оқу орнын бітірді.
2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қаржы» мамандығына оқуға түсіп, 2011 жылы аталған оқу орнын бітірді.
2008 жылы 28 қазанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Көлік инфрақұрылымын дамыту және мониторинг» бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданды.
2009 жылдың 29 мамырынан бастап «Көлік инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік сатып алу» бөлімінің бас маманы лауазымынан әскери қызметке шақырылуына байланысты қызметтен босатылды.
2009 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың мамыр айы аралығында әскери қызметте болды.
2011 жылдың 20 сәуірінен бастап Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің штаттан тыс инспекторы қызметіне қабылданды.
2012 жылдың 20 ақпанынан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданды.
2012 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика бөлімінің басшысы қызметіне қабылданды.
2014 жылдың 9 маусымынан бастап аталған басқарманың газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы лауазымына, 2015 жылдың 4 мамырынан бастап басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2016 жылдың 23 желтоқсанынан бастап басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, 2 бала тәрбилеп отыр. Өзі және отбасы қылмыстық жауапқа тартылмаған.
Жаңартылған күні: 10-07-2017 11:03