Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017 жылдың I тоқсанындағы мемлекеттік

бағдарламалардың орындалуы

          Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша 2017 жылы «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  5 жоба бойынша 770,3 қаржы бөлінді, оның ішінде Сырдария ауданы бойынша  2 жоба және Жалағаш ауданы бойынша 3 жобаның құрылыс жұмыстарын бастауға 770,3 млн. теңге бөлініп отыр. Облыстық бюджеттен   6 жобаға 371,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша  4 жоба, Сырдария ауданы бойынша 2 жоба. "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу  бойынша қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы (06.02.2017 жылғы №10-05/797) тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі) 12 үй жөндеуге 59,7 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 4 үй жөндеу жоспарлануда. Сырдария және Жаңақорған аудандары бойынша қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарлама шеңберінде жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.

            2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауыз су жүйелерін жаңғыртуға  5,7 млрд. теңге бөлініп, 5 жобаның құрылысы басталды (Сексеуіл, Әйтеке би, Жосалы - 2 жоба, Тасбөгет). Аяқталу мерзімі - 2017 жыл. Нәтижесінде аталған елді мекендердегі 280 мыңнан астам тұрғындардың ауыз сумен қамту жағдайы жақсарады.  2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасымен 5,7 млрд.теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2018 жылы  335 шақырым ауыз су құбырлары және 7,7 км кәріз су жүйелері жаңғыртылатын болады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылдың IV тоқсанда атқарылған жұмыстары

«Нұрлы жол» бағдарламасымен 2016 жылы Сумен қамту бойынша 5 жобаға 5,7 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті және Арал ауданы Сексеуіл кентіне 3,7 млрд. теңге бөлініп, мердігер «Ка-строй» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстары басталды. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 жобасына 659,1 млн. теңге бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен конкурс жарияланып, мердігер «Сәт сервис»» ЖШС, «РЗА» АҚ жеңімпаз атанды. Қызылорда қаласы бойынша 1,275 млрд. теңге бөлініп қала әкімдігі арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп «Мелиоратор» ЖШС жеңімпаз атанды. «Нұрлы жол» бағдарламасымен атқарылатын жұмыстардың аяқталу мерзімі  2017 жылдың қараша айына жоспарланған. Жыл аяғында 5 жоба бойынша 35 км су құбыры жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 535,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында 14,7 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Нысанды пайдалануға қабылданды.

Сонымен қатар, 2017 жылға 10 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай АГТС-терінің құрылысы мен Ақай, Төретам, Сексеуіл, Қамыстыбас, Жалағаш, Белкөл елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 10, 6 млрд. теңгеге ҚР Ұлттық экономика және Энергетика министрліктеріне бюджеттік өтінімдер  жолданды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына 2015-2016 жылдары республикалық бюджет пен Ұлттық қор есебінен және облыстық бюджеттен 2 293,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, нысанға қабылдау жұмыстары жүргізілді. Аталған нысанның құрылысы облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және шыны зауытын тұрақты, сапалы электрмен қамтамсыз етуде маңызы зор.

2016 жыл басынан бері 5 рет «Энергия» Консорциумының отырысы өткізілді.  Аталған отырыста бірнеше рет Өңірлік энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасы талқыланып, 2016 жылғы 18 мамырда аталған тұжырымдама бекітілді. Тұжырымдамада облыстың 2020 жылға дейін электр энергетика саласын дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар қаралған.

2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы 6,4 шақырымды (екіжолақты құбыр бойынша) құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу

Республикалық бюджеттің оңтайландырылуына байланысты 2016 жылы "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлінген жоқ.

Дегенмен, бағдарламаны жалғастыру үшін Қызылорда қаласында 48,16 млн.теңге қайтарымды қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.

Облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында 4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге  бөлінді, жөндеу жұмыстары аяқталды.  

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылдың III тоқсанда атқарылған жұмыстары

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін, республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 2 жобаға 3,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін жаңғырту жобасы. Сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін жаңғырту кеңейту жобасы. Сметалық құны 2,4 млрд.теңге.Нәтижесінде барлығы 295,9 шақырым ауыз су желілері жаңартылып,2260 дана су есептегіш құралдары орнатылатын болады.

Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы Қызылорда облысы Арал, Қазалы аудандарын тұрақты және сапалы электрмен жабдықтау мақсатында жалпы сметалық құны 2,5 млрд. теңгеден асатын Арал қаласы және Әйтеке би кентіндегі 110/35/10 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғырту жобаларының құрылыс-монтаждау жұмыстары бастау алды.

Аталған жобаларға 2014-2015 жылдары республикалық және облыстық бюджеттерден 1 812,059 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді. Үстіміздегі жылы жобаларды аяқтау үшін республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 696,137 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта Арал қаласы және Әйтеке би кентіндегі қосалқы станцияларын қайта жаңғырту нысандары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары  кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандарды 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына  республикалық бюджет пен Ұлттық қор есебінен 1 530,071 млн. теңге және облыстық бюджеттен 153,007 млн. теңге бөлінді.

Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына конкурс негізінде анықталған мердігермен, техникалық және авторлық қадағалау мекемелермен келісім шарттар жасалып, 2015 жылы бөлінген қаржы толығымен игерілді. 2016 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мақсатында 610,628 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан 555,463 млн. теңге, облыстық бюджеттен 55,165 млн. теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанның аяқталу мерзімі  2016 жылдың соңы.

Жылумен қамту

2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы 6,4 шақырымды (екіжолақты құбыр бойынша) құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу

Республикалық бюджеттің оңтайландырылуына байланысты 2016 жылы "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлінген жоқ.

Дегенмен, бағдарламаны жалғастыру үшін Қызылорда қаласында 48,16 млн.теңге қайтарымды қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.

Облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында 4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге  бөлінді, жөндеу жұмыстары аяқталды.  

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылдың II тоқсанда атқарылған жұмыстары

Жылумен қамтасыз ету

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жоба бойынша Ұлттық қордан 997 176 мың. теңге қаржы бөлінді. Мелекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 7 мердігер мекеме анықталып, тапсырыс беруші "ҚЖЭО" МКК келісімге отырды. Қазіргі кезеңде мердігерлермен жылу құбырларын демонтаждау жұмыстары жүруде. ҚМЖ аяқталу а.ж. 25 қыркүйегі.

Көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу

Республикалық бюджеттің оңтайландырылуына байланысты 2016 жылы "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарамасы бойынша қаржы бөлінген жоқ.

Дегенмен, бағдарламаны жалғастыру үшін Қызылорда қаласында 48,16 млн.теңге қайтарымды қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында 4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге  бөлінді, келісім шарт жасау жұмыстары жүруде.

Газбен қамтамасыз ету

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында АГТС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысын жүргізу үшін, республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары  жүргізілуде.

Сумен қамтамасыз ету

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 2 жобаға 3,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін жаңғырту жобасы. Сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін жаңғырту кеңейту жобасы. Сметалық құны 2,4 млрд.теңге.                                                                                                                                                                                                                                        Нәтижесінде барлығы 295,9 шақырым ауыз су желілері жаңартылып, 2260 дана су есептегіш құралдары орнатылатын болады.

Электрмен қамтамасыз ету

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына (жалпы сметалық құны 2 335 148 мың теңге) республикалық бюджет пен Ұлттық қор есебінен 1 530,071 мың теңге және облыстық бюджеттен 153,007 мың теңге бөлінді.

Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына конкурс негізінде анықталған мердігермен, техникалық және авторлық қадағалау мекемелермен келісім шарттар жасалып, 2015 жылы бөлінген қаржы толығымен игерілді. 2016 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мақсатында 610,628 мың теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан 555,463 мың теңге, облыстық бюджеттен 55,165 мың теңге. Кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нысанның аяқталу мерзімі 2016 жыл.

2016 жыл басынан бері 5 рет «Энергия» Консорциумының отырысы өткізілді.  Аталған отырыста бірнеше рет Өнірлік энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасы талқыланып, 2016 жылғы 18 мамырда аталған тұжырымдама бекітілді. Тұжырымдамада облыстың 2020 жылға дейін электр энергетика саласын дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар қаралған.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылдың I тоқсанда атқарылған жұмыстары

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына (жалпы сметалық құны 2 335 148 млн. теңге) республикалық бюджет пен Ұлттық қоры есебінен 1 530,071 млн. теңге және облыстық бюджеттен 153,007 млн. теңге бөлінді.

Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына конкурс негізінде анықталған мердігермен, техникалық және авторлық қадағалау мекемелермен келісім шарттар жасалып, 2015 жылы бөлінген қаржы толығымен игерілді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мақсатында РБ және ОБ 610,628 млн. теңге бөлінді. Кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нысанның аяқталу мерзімі 2016 жыл.;

 Нұрлы жол бағдарламасымен сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландыруға     3,8 млрд. теңге болатын  2 жоба ұсынылып, қолдау тапты. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасының сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасының сметалық құны 2,4 млрд.теңге. Тапсырыс беруші «Қазсушар» РМК «Арал» филиалы.         «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жоба бойынша Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге қаржы бөлінді.«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздемені аяқтауға 84,1 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қарауында.

«Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша 2014 жылы 18 желтоқсанда «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында кредиттік несие шартқа қол қойылды. Қаржыландырудың жалпы құны – 37,3 млн. АҚШ долларын құрайды (эквивалентте – 6,75 млрд. теңге).

Басымды инвестициялар жоспарына сәйкес, жоба 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады. Жоспардың компоненттеріне мыналар кіреді:

- орталық жылумен қамту жүйесін қайта жаңғырту (2015-2017 жж.);

- 2 дана турбогенераторды ауыстыру (2015-2016 жж.);

- ыстық сумен қамтуды қалпына келтіру үшін дара жылу пункттерін енгізу (2015-2017 жж.);

- гидравликалық модульді жасау (2016-2017 жж.);

- SCADA жүйесін енгізу (2016-2017 жж.)

Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамытудың 2020» мемлекеттік бағдарламасының 2015 жылдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстары

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

Облыс бойынша барлық 262 ауылдық елді мекеннің 185-і немесе 71 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды. (2012 жылы 178 елді мекен  69 пайыз болған).

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2015 жылға жалпы 6205,6 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде 14 жобаға республикалық бюджеттен 6 016,4 млн. теңге және облыстық бюджеттен 189,2 млн. теңге қаржы бөлініп игерілді.

Жалпы 2015 жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен 14 өтпелі нысандардың құрылысын аяқтауға жоспарланып,  пайдалануға берілді, қорытындысында 4485 дана су есептегіштер құралдары орнатылып, 572 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.

Бұдан басқа, 2014 жылы желтоқсан айында Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкімен құны 21 млн.АҚШ доллары болатын кредиттік келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілуде.

Газдандыру

2014 жылы «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бюджеттен  жобаларды жүзеге асыру үшін Қызылжарма ауылдық округі бойынша 1 млрд.теңге, Тасбөгет кенті бойынша 333,3 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Жобаларды 2015 жылы толық аяқтау мақсатында, «Өңірлерді дамытудың 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында бюджеттен Қызылжарма ауылдық округін газдандыруға 431,9 млн. теңге, Тасбөгет кентін газдандыруға 374,3 млн. теңге қаржы қаралды.

Қазіргі таңда, Қызылжарма ауылдық округі бойынша 2 ГРП және 59,1 шақырым, Тасбөгет кенті бойынша 2 ГРП және 61,4 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, нысандар 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Жобалар бойынша Тасбөгет кентінде 2014 үй (12084 адам) және Қызылжарма ауылдық округінде 1996 үй (9980 адам) газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

Электрмен қамтамасыз ету бойынша

2015 жылға барлығы 2 548,1 млн теңге бөлінді, оның ішінде, РБ - 1 234,6 млн. теңге, ОБ – 310,4 млн теңге, Ұлттық қордан-1 120 млн.теңге бөлінді.

Атап айтсақ,

2014 жылы Қызылорда облысы Арал, Қазалы аудандарын тұрақты және сапалы электрмен жабдықтау мақсатында жалпы сметалық құны 2,5 млрд. теңгеден асатын Арал қаласы және Әйтеке би кентіндегі қосалқы станцияларын қайта жаңғырту жобаларының құрылыс-монтаждау жұмыстары бастау алды.

Аталған 2 ірі жобаларының  бойынша:

-Арал қаласында  22,29 м2 фундамент,19 дана темірбетон бағаналары, 9 дана П-2 плиталар, 19 дана ригельдер құру жұмыстары жүргізілуде;

-Әйтеке би кентінде 13 дана тербеліс тіреуштер,13 дана П-2 плиталар,13 дана ригельдер құру, ОРУ-110 кВ және радиорелелік байланыс жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасын табуда.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет пен Ұлттық қоры есебінен 1 530 071 мын теңге және облыстық бюджеттен 153 007 мын теңге бөлініп, Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына конкурс негізінде анықталған мердігермен, техникалық және авторлық қадағалау мекемелермен келісім шарттар жасалып, 2015 жылы бөлінген қаржы толығымен игерілді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның аяқталу мерзімі 2016 жыл.;

«Қызылорда қаласы Ақсуат а/о Ж.Махамбетов ауылын электрмен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 108,8 млн.теңге бөлінді. Құрылыс – монтаж жұмыстары бүгінгі күнде толығымен аяқталып, нысан мемлекеттік комиссиямен қабылданды. Нәтижесінде Кызылорда қаласының  Ж.Махамбетов ауылын 4700-ден астам халық сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етілді.

Жылумен қамтасыз ету 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту жөніндегі 14 жоба бойынша Ұлттық қордан 3 039,7 млн. теңге қаржы бөлініп, 11,2 шақырым жылу желілері мен №1 және 3 сорғыш станнциялары қайта жаңғыртылды. Қаржы мақсатты игерілді, жаңартылған жылу желілері орталық жылу жүйесіне қосылып қызмет жасап тұр. Үнемделген қаржы -19361 мың теңге, ҚР Үкіметінің а.ж. 7 желтоқсанда №971 қаулысымен республикалық бюджетке қайтарылды

2016 жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне аталған бағдарлама бойынша  жалпы құны 997,2 млн. теңге құрайтын 7 жобаға қолдау тапты.

«Қызылорда қаласындағы ТК-24-тен Ш.Есенов көшесіндегі балаларға арналған әлеуметтік оңалту орталығы арқылы Тасбөгет қыстағы М.Шоқай көшесіндегі № 8,10,11 көпқабатты тұрғын үйлерге дейін жылу желілерін қайта жаңғырту» жобасына облыстық бюджеттен 65,1 млн теңге бөлініп, 0,729 шақырым жылу желілері жаңғыртылды.

Облыстық бюджеттен «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша 63,203 млн теңге бөлініп, игерілді. Нысан пайдалануға берілді (2 дана БУРАН ВВ-750 қазандықтары, 1 дана ГРПШ-07-2У1, 1 дана дизель электр станциясы орнатылып, 562 метр газ құбыры тартылды, сыртқы жылу құбырлары жаңартылып, оларға қаптама (теплоизоляция) жұмыстары жүргізілді).

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Оңтүстік қазандық» филиалының SG-2000/15n маркалы бу қазандықтарын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 52,6 млн. теңге бөлініп, 3 бу қазандығы қайта жаңғыртылды.

«Қазалы ауданы Айтеке би кентіндегі жылумен қамту жүйесін кеңейту» жобасы бойынша 2013-2015 жылдары республикалық бюджеттен 1 015,6 млн. тенге бөлінді. Нәтижесінде 5,44 шақырымға жылу желілері кеңейтілді. Нысанға жер ресімдеу, техникалық құжат алу жұмыстары жүргізілді.

«Қызылорда қаласы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту» жобасына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 4,044 млн теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама алынды (№04-0396/15  25.12.2015 ж.)..

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздеме әзірлеуге 96,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қарауында.

Дегенмен, жобалаушы ұйым - "Промедконтракт" ЖШС келісім шартқа сәйкес міндеттемелерін уақытылы орындамағандықтан, жосықсыз деп тану ретінде, айыппұл төлеуге және жұмысты бітіруге міндеттеу жөнінде сот органына талап арыз жолданды. Сот мәжілісі 2016 жылдың 12 қаңтарына белгіленген.

«Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша 2014 жылы 18 желтоқсанда «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында кредиттік несие шартқа қол қойылды. Қаржыландырудың жалпы құны – 37,3 млн. АҚШ долларын құрайды (эквивалентте – 6,75 млрд. теңге).

Басымды инвестициялар жоспарына сәйкес, жоба 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады. Жоспардың компоненттеріне мыналар кіреді:

- орталық жылумен қамту жүйесін қайта жаңғырту (2015-2017 жж.);

- 2 дана турбогенераторды ауыстыру (2015-2016 жж.);

- ыстық сумен қамтуды қалпына келтіру үшін дара жылу пункттерін енгізу (2015-2017 жж.);

- гидравликалық модульді жасау (2016-2017 жж.);

- SCADA жүйесін енгізу (2016-2017 жж.)

Аталған жоба бойынша 2015 жылы материалдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 156,9 млн теңге бөлінді. А.ж. 29 қазанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі мен ЕҚҚД банкі арасында үшжақты келісімге қол қойылды (жобалардың жалпы құны - 35,5 млн. АҚШ доллары, әквивалентте 8,875 млрд.тг).  2016-2017 жылдарға аталған жоба бойынша қоса қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 2 430,5 млн. тенгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. 

Қазіргі таңда 5 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша жылу беру маусымы 15 қазанда басталып, штаттық режимде өтуде.

Атап айтқанда: әлеуметтік нысандар бойынша білім саласындағы 395 нысанға, мәдениет саласындағы 310 нысанға, денсаулық сақтау саласындағы 336 нысанға және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 621 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толығымен берілуде.

Қызылорда қаласы мен аудандардағы әлеуметтік нысандарға 35,4 мың тонна қатты және 18,0 мың тонна сұйық отын қоры жасақталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тауарлық газдың құнының айырмасын өтеуге 417,0 млн. теңгеге және Қызылорда қаласының оңтүстік бөлігін жылу энергиясымен қамтамасыз ететін «Оңтүстік қазандық» филиалына мазут отынын сатып алуға 262,2 млн. теңге бөлінді. Бөлінген 417,0 млн.теңге ҚЖЭО-ның "ҚазТрансГаз аймақ" АҚ ҚӨФ алдындағы қарызын өтеу үшін төленді. Мазутқа бөлінген 262,2 млн.теңге оператор "ҚазМұнайГаз - Өңдеу және маркетинг" АҚ аударылып, тиісті көлемде мазут отыны алынуда.

Сонымен қатар, "Қазалы-Теміржолжылу" МКК-на кестеге сәйкес жоспарланған 4,0 мың тонна мазут алынуда. 2016 жылдың қаңтар айына отын қорын жасақтау үшін 31 млн. теңге қажет болатын. Осыған орай, желтоқсан айында облыстық резервтен

22,0 млн. теңге, Қазалы аудандық бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлінді. Қаржы оператор "ҚазМұнайГаз - Өңдеу және маркетинг" АҚ аударылып, 740 тонна мазут отыны сатып алуға келісім жасалды.

Көпқабатты тұрғын үйді жөндеу

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 3021,7 млн. теңгеге облыс бойынша 113 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 2014 жылғы 73 %-дан 2015 жылға қарай   62,7 %-ға төмендедi.

2015 жылы облыс бойынша 38  көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, 35 үйге республикалық бюджеттен 353,6 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, 1 785 мың теңге қайтарымды қаражат есебінен 3 үй күрделі жөндеуден өтті.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 2015 жылдың аяғында 59,5 %-ға дейін төмендедi.

2016 жылға облыс бойынша 77 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 1357,7 млн. теңгеге Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылып, 13 үйді жөндеуге 340,9 млн.теңге бөлуге қолдау тапты.

Абаттандыру бойынша

Облыстың елді мекендерін абаттандыру бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 217 085 мың теңге бөлінді. Атап айтсақ,

Арал қаласындағы "Қан мен тер" романы бойынша символикалық белгісінің аймағын абаттандыруға 61 085 мың теңге. Қаржы толық игерілді. Мердігер - "СтандартОйлКЗО" ЖШС. Аймақта 2 субұрқақ орнатылды, 5,0 мың шаршы метр асфальт, 1845 ш.м. кеспе тастар, 2,9 мың ш.м. газон төселді, 384 метр қоршау, 1740 метр борбюр қойылды, 53 бағана жарықтандырылды, 15 урна, 15 орындық, 1 беседка қойылып, 100 туп ағаш отырғызылды.

Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі "Жеңіс" саябағын ("Даңқ" аллеясы) абаттандыруға 36 000 мың теңге бөлініп, қаржы мақсатты игерілді. Мердігер - "Ұшқын" ЖШС. Бөлінген қаржыдан мемлекеттік сатып алу конкурсынан 478,9 мың теңге үнемделіп, облыстық бюджетке қайтарылды.

Қызылорда қаласын абаттандыруға (кіші архитектуралық формалар)   54 000 мың теңге бөлініп, мақсатты игерілді. Мердігер - "Кызылордастройснаб" ЖШС. Абай даңғылы, Жібек жолы көшесі бойында, А.Тоқмағамбетов атындағы филармониясы және темір жол вокзалының алдында 14 мүсіндер қойылып, 36 жарықдиодты үлгілер орнатылды.

Қызылорда қаласы Ақмешіт мешіті аймағын абаттандыру және көгалдандыруға 66 000 мың теңге бөлінді. Мердігер - "Техснабремсервис" ЖШС. Қаржы мақстатты игерілді. Үлкен сыйымдылытағы субұрқақ, бесжұлдызды шамдар орнатылып, кеспе тастар төселді, урналар мен орындықтар қойылды. абаттандырылған көлем - 8250 ш.м.

Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамытудың 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы жайлы 2015 жылдың III тоқсаны бойынша  атқарылған жұмыстары

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

2014 жылдың қорытындысымен облыс бойынша барлық 262 ауылдық елді мекеннің 185-сы орталықтандырылған ауыз суға қосылды немесе 71 пайызды құрады. (2012 жылы 178 елді мекен 69 пайыз болған).

2015 жылы 14 жобаның құрылыс жұмыстарына  6 016,4 млн. теңге және ауыз су тарату қызметтеріне берілетін субсидияға республикалық бюджеттен 316,6 млн.теңге,  облыстық бюджеттен  1,9 млрд.теңге бөлінді.

2015 жылғы 9 айдың қортындысымен жоспардағы 5121,8 млн.теңгенің 5103,3 млн.теңгесі игерілді немесе 100 пайыз.

Жалпы 2015 жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен 14 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл жобалардың барлығы өтпелі.  Жыл қорытындысымен 572 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 4485 дана су есептегіштер пайдалануға беру жоспарланған.

Соның ішінде, Жаңақорған ауданы Түгіскен, Жалағаш ауданы Ақсу, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет елді мекендерінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары аяқталды. 70 км ауыз су жүйесі, 1528 дана ауыз суды есептеу құралдары пайдалануға беріліп, 8394 адам ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Газдандыру саласы бойынша

2014 жылы «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бюджеттен  жобаларды жүзеге асыру үшін Қызылжарма ауылдық округі бойынша 1 млрд.теңге, Тасбөгет кенті бойынша 333,3 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Жобаларды 2015 жылы толық аяқтау мақсатында, «Өңірлерді дамытудың 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында бюджеттен Қызылжарма ауылдық округін газдандыруға 431,9 млн. теңге, Тасбөгет кентін газдандыруға 374,3 млн. теңге қаржы қаралды.

Қазіргі таңда Қызылжарма ауылдық округі бойынша 54,3 шақырым, Тасбөгет кенті бойынша 61,4 шақырым газ құбырлары тартылды.

Нысандарды 2015 жылдың ІҮ тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

Электрмен қамтамасыз ету бойынша

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет пен Ұлттық қоры есебінен 1 530 071 мын теңге және облыстық бюджеттен 153 007 мын теңге бөлініп, Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалдық аймақты электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жобасына конкурс негізінде анықталған мердігермен, техникалық және авторлық қадағалау мекемелермен келісім шарттар жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде;

«Қызылорда қаласы Ақсуат а/о Ж.Махамбетов ауылын электрмен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 108,8 млн.теңге бөлінді. Бұл қаржыға: 253 дана 0,4 кВ әуе желілерінің темірбетон бағаналары, 518 дана әуе желілерінің бағаналарына арналған тіреуіштер, 1474 дана оқшаулағыш, 4 дана ажыратқыш орнатылды;

Жылумен қамтасыз ету 

2015 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту жөніндегі 14 жоба бойынша республикалық бюджеттен 3,04 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жоба іске асқан жағдайда 11,2 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылатын болады. 01.09. мердігер мекемелер тарапынан 1,8 млрд. теңге қаржы игерілді нмесе 60 пайыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне аталған бағдарлама бойынша  2016 жылға жалпы құны           0,9 млн. теңге құрайтын 7 жобаға бюджеттік өтінім жолданды.

«Қызылорда қаласының жылу жүйелерін жаңғырту» жобасы бойынша 2014 жылы 18 желтоқсанда «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында кредиттік несие шартқа қол қойылды. Қаржыландырудың жалпы құны – 37,3 млн. АҚШ долларын құрайды (эквивалентте – 6,75 млрд. теңге).

Кредит уақыты  жеңілдетілген 3 жылдық мерзімді қосқанда 13 жыл және несиені төлеу мерзімі 10 жыл. 

Жобаның мақсаты:

- жылу энергиясының берілу және тарату желілерін қайта жаңғырту;

- насостық станцияларды қайта жаңғырту және жаңа технологиялар енгізу;

- жылу жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыру;

- 450 көпқабатты тұрғын үйді  ыстық сумен қамту .

Аталған жоба бойынша 2015 жылы материалдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 116,3 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі мен  ЕҚҚД банкі арасында үшжақты келісімшарттың жобасы қаралуда. Теңгенің девальвацияға ұшырауына байланысты кредиттік келісімге сәйкес, РБ бөлінген қаржы (116,3 млн тг) қайта есептеліп, 157 млн теңгеге қайта бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша 63,203 млн тенге бөлінді. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, жұмыс комиссиясымен қабылдау жүруде.

«Қызылорда қаласы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту» жобасына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 4,044 млн теңге бөлінді, жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, 1.10. мемлекеттік сараптама қарауына жолданды.

«Қызылорда қаласындағы ТК-24-тен Ш.Есенов көшесіндегі балаларға арналған әлеуметтік оңалту орталығы арқылы Тасбөгет қыстағы М.Шоқай көшесіндегі № 8,10,11 көпқабатты тұрғын үйлерге дейін жылу желілерін қайта жаңғырту» жобасына 65,124 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде.

2015–2016 жылғы жылу беру маусымын өз дәрежесінде өткізу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №700-ө өкімімен облыстық штабтың құрамы жасақталып, іс-шара жоспары бекітілді.

Бектітілген іс-шара жоспарына сәйкес, нысандарда жылыту кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, 01.10. атқарылған жұмыстардың көлемі - «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша 100%, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ бойынша 100%, «Қазалы-Теміржолжылу» МКК бойынша 100 % орындалды.

277 білім, 336 денсаулық және 260 мәдениет нысандарында жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылдың I жартыжылдықта бойынша атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысының  энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту»  мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысын сумен қамту, газдандыру, электрлендіру, жылумен қамту және көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

*Cумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту 2015 жылы «2020 жылға дейінгі Өңірлік дамыту» бағдарламасымен 14 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл жобалардың барлығы өтпелі.  Жыл қорытындысымен 572 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 4485 дана су есептегіштер пайдалануға берілетін болады. 2015 жылы 14 жобаның құрылыс жұмыстарына  6 016,4 млн. теңге және ауыз су тарату қызметтеріне берілетін субсидияға республикалық бюджеттен 316,6 млн.теңге,  облыстық бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді.

*Аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыруды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы орайда, Қызылорда облысын кешенді газдандырудың І-ші кезеңінде 21 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жұмыстар тиісті дәрежеде жүзеге асырылған жағдайда І-ші кезеңде Қызылорда облысы халқының 70 пайызын газбен қамтуға қол жеткізіледі. Сонымен бірге, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округін және Тасбөгет кентін газдандыру үшін  2015 жылға 806,3 млн.теңге қаржы қарастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда Қызылжарма ауылдық округі бойынша 54,3 шақырым, Тасбөгет кенті бойынша 60,1 шақырым газ құбырлары тартылды.

*Қызылорда облысын электрмен қамту саласында 2014 жылы басталған «Қызылорда қаласы Ақсуат а/о Ж.Махамбетов ауылын электрмен қамту» жобасын аяқтауға 2015 жылы облыстық бюджеттен 88,6 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жалғастырылуда. Жоспар бойынша қараша айында нысан пайдалануға беріледі. 2014 жылы Қызылорда облысының әкімдігімен кәсіпкерлерге өз бизнесін орналастыруға еш кедергісіз мүмкіндік беретін 2015-2020 жылдарға Қызылорда қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағын дамыту тұжырымдамасы әзірленді және бекітілді.                                                                                       

Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық  аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы жергілікті бюджеттен 464 млн. теңге бөлінді, сонымен қатар электрмен жабдықтау жүйесінің жоба-сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 2014 жылы 20,8 млн теңге бөлінді.

«Қызылорда қаласындағы  «Өндіріс» индустриалдық аумақты электрлендіру жобасы бойынша барлығы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 1 530, млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастырылды, мердігер, техникалық және авторлық қадағалау  жеңімпаздары анықталды. Қазіргі уақытта келісім шартқа отыру, құрылысты бастауға рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

* 2015 жылы облыс бойынша 35 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен  353,6 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталуда. Жөндеу жұмыстарының толық жүзеге асуы күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесiн 2015 жылдың аяғында 59,5 %-ға дейін төмендетеді. Осы жұмыстарды жалғастыру үшін   2016 жылға облыс бойынша 77 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы құны 1357,7 млн. теңгеге Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды.                  

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерін жаңғыртуға жалпы құны 4,3 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба ұсынылып, республикалық бюджеттен 14 жобаға 3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігерлері анықталып, қазіргі таңда демонтаждау жұмыстары жасалуда. Аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жобалар бойынша Қызылорда қаласының  11,7 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіледі. Нәтижесінде жылумен қамтамасыз етудің  тозуы 50,2 пайызға төмендейді. Сонымен қатар, қала тұрғындары үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз етіледі.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 06-04-2017 09:24

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика