2019 жылдың III тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Ағымдағы жылы Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Усаин Медет  халықпен ашық байланыс орнатуға, Феусбук әлеуметтік желігісінде өз парақшасын ашты.  https://www.facebook.com/UsainMedet


2019 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нақтылау мақсатында қызметкерлер арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары аптасына бір жүргізіліп отырылады. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында 2016 жылдың 2 тоқсанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сақтау бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қатаң қамтамасыз ету тапсырылды. Әдеп кодексін 3 тармағы бойынша кодекстің мәтіні және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат баршаға көрінетіндей жерде орналастырылды. Әдеп кодексі талаптарының бұзылу фактілері бойынша арыз шағымдар келіп тускен жоқ.


2019 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» таныстыру мақсатында  аппараттық оқу өткізілді.2019 жылдың есепті мерзімінде басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


2018 жылдың IV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

2018 жылдың 21 желтоқсан күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев «Энергетиктер күні» кәсіби мерекесіне орай Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен энергетика саласында бүгінгі күнде қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлерін және сала ардагерлерін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің және Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының белгілерімен марапаттады.


2018 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Мемлекеттік қызмет имиджін жоғарылату мақсатында 2018 жылдың 1 тоқсанында  Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыда сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқытулар және Елбасы Жолдауының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


2017 жылдың IV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

2017 жылдың 22 желтоқсан күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев «Энергетиктер күні» кәсіби мерекесіне орай Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен энергетика саласында бүгінгі күнде қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлерін және сала ардагерлерін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің және Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының белгілерімен марапаттады.


2017 жылдың IIтоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының бұйрығымен 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Бадаев Тұрарбек Елеубекұлы электр энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы лауазымын босатып, электр энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.


2017 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күні

2017 жылғы 23 маусым күні «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері күні» мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметкерлері арасында мерекелік жиын өткізілді.Мерекелік жиын құттықтаулармен және Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен аяқталды.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТТІ

Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Сондай-ақ, слет аясында 5 шақырымдық «Адал жол» марафоны ұйымдастырылды.

5 шақырымға созылған "Адал Жол" марафоны мәресіне жетті. Ерлер арасында алғашқы орынды Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасының қызметкері Есжан Айдын, ал Қыздар арасында Әділет басқармасының өкілі Бақтиярова Жамиля иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


2017 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Құқықтық оқу жүргізілді

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімі басқарма қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-ІV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының қолданылуы жөнінде құқықтық оқу жүргізді.


Басқарма басшысының орынбасары жұмысқа қабылданды

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары бос лауазымына 2017 жылдың 21 ақпанында басқарма басшысының №12-жқ қаңтарында Нұрмағанбетов Руслан Аймырзаұлы  қызметке қабылданды.

     Р. Нұрмағанбетов еңбек жолын облыстық қаржы басқармасында бас маман қызметінен бастаған, сонымен бірге, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, басшының орынбасары, "ҚЭТТК" АҚ Бас инженер қызметтерін атқарған.


Жаңа басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары бос лауазымына 2017 жылдың 23 қаңтарында Жоламанов Ерлан Ералыұлы тағайындалды.

      Е. Жоламанов 2004 жылдан бастап Қармақшы аудандық құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметке кіріп, 2007 жылдан бастап басқарманың сумен қамтамасыз ету және суды бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.


2016 жылдың IV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  2015 жылғы 23 қарашадағы  № 416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 29.12.2015 жылғы №153 жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" бойынша қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық этикалық бейнесіне жоғары талаптары қойылған, атап айтқанда:

Мінез-құлықтың жалпы стандарттары

Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары

Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез құлық стандарттары

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша құқықтық оқытулар өткізіліп жазабаша түрде жазбаша түрде таныстырылып реттеледі. 

2016 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлеріне қатысты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі» талаптарының сақталуы бойынша шағымдар түскен жоқ.


2016 жылдың III тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысып отырады.

Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2016 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.


2016 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нақтылау мақсатында қызметкерлер арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары аптасына бір жүргізіліп отырылады. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында 2016 жылдың 2 тоқсанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сақтау бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қатаң қамтамасыз ету тапсырылды. Әдеп кодексін 3 тармағы бойынша кодекстің мәтіні және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат баршаға көрінетіндей жерде орналастырылды. Әдеп кодексі талаптарының бұзылу фактілері бойынша арыз шағымдар келіп тускен жоқ.


2016 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нақтылау мақсатында қызметкерлер арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары аптасына бір жүргізіліп отырылады. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында 2016 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сақтау бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қатаң қамтамасыз ету тапсырылды.

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 16-10-2019 12:32

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика